Нұра ауданы — Қарағанды облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлік. Жер аумағы 46,3 мың шаршы километр. Орталығы – Нұра кенті.
Тарихы 1928 жылы қыркүйек айында Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен құрылған. 1923-1928 жылдары Ақмола уезінің Нұра болысы болып аталған. Облыс құрамына алғашқылардың бірі болып енгендіктен, Нұра ауданы оның үлкен отауы саналады. Сол кез 3450 жеке шаруашылық 32 колхозға біріктіріліп, ашаршылықтан күйзелген жұрттың жағдайын түзетуге бет алынған шақ еді. Осы орайда аудан орталығына айналған Кертінді ауылының Казгородок аталуының да тарихи себебі бар деуге болады. Бұрын Есен, Құланөтпес, Нұра; Құндызды өзендері аралықтарындағы байтақ өлкеде бөлек-бөлек отырған ауылдар бір жерге қондырылып, киіз үйлерден құралған қалашық жасалыпты. «Казгородок» аталуы да соған байланысты болған. Қазір байырғы жер атымен аталады. Ал кейіннен аудан орталығы Киевка селосына көшіріліп, содан бері сол мәртебесін сақтап келеді.
Астананың түбіндегі Ахмет ауылынан басталып, Жаңаарқа, Ұлытау, Қорғалжынмен шектесіп жатқан аймақтың атақ-даңқы алысқа аян екенін айтуға болады. Бұл ретте «Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас» дегендей, ең алдымен Қайып Айнабеков, Абдолла Асылбеков, Сәйділ Талжанов, Бүркіт Ысқақов, Кәрім Мыңбаев, Сауық Тәкежанов, Мүтәш Сүлейменов сынды қазақ халқының ардақты азаматтары қатарындағылар есімдері мақтаныш тұтылады. Нұра жерінде жас Сәкен Сейфуллиннің оқытушылық қызметі басталғаны, аяулы жары Гүлбәһрамды осы елден қалағаны өлке тарихының жарқын бір беті.
Халық ақыны Жолдыкей Нұрмағамбетұлының: Құтты өзен айналайын – Нұра атыңнан, Күркірей көк толқыны – көкке атылған. Ақ төсін аймалаған анасындай, Мың-мың мал су ішуге шұбатылған- деп жырлағанындай, топырағы құнарлы, суы мол, жазық далалы болып келетін аймақ ертеде түлік түрлерін мыңғыртуға қолайлы болса, бертінде егін шаруашылығын қалыптастырып дамыту бағытына бұрылды. Бүгінде 206 мың гектар жерге дән себілетін, содан миллиондаған пұт өнім өндірілетін облыстағы, қала берді елдегі астықты аудандардың бірі қатарында.
Нұра ауданы Қарағанды облысының батысында орналасқан, қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай. Іргесін 1903 жылы Украинадан қоныс аударған шаруалар қалаған.
Географиялық орны Солтүстігінде Ақмола облысының Атбасар, Қорғалжын, Целиноград, батысында Шет және Ұлытау облысының Ұлытау, шығысында Осакаров, Бұқар жырау, Абай және Ақмола облысының Аршалы аудандарымен шектеседі.
Нұра ауданы Қарағанды қаласының солтүстік-батысында 160 км. Үлкен Құндызды өзені сағасының оң жағына орналасқан. Нұра ауданы Сарыарқаның орта тұсында, құрғақ дала зонасында орналасқан. Орталығы Киевка қалалық типті поселкесі. Солтүстік-батысында Мұзбел (503 м), оңтүстігінде Найза (633 м) таулары бар. Ауданның барлық жасыл желегі адам қолымен отырғызылған. Ауданды жоспарлы түрде көгалдандыру жұмысы әлі де жүргізілуде. Аймақ ғалымдары табиғатты қорғауды жақсартудың нақты шаралары мен қатар жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің толық тізімін жасап, олардың мекен ететін ортасы көрсетілген карталар қүрастырылуда, өсімдік, жануарлар түрлерінің санын анықтап, «Қызыл кітапқа» енгізілген объектілерінің жай-жағдайын бақылау жүргізуде.
Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 18747 31901 40144 34958 41996 38649 26150 22655 Тұрғындары 22 569 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (67,57%), орыстар (17,28%), украиндар (5,70%), немістер (4,11%), беларустар (1,67%), татарлар (1,35%), шешендер (0,24%), башқұрттар (0,19%), басқа ұлт өкілдері (1,89%).
Әкімшілік бөлінісі 36 елді мекен 2 кенттік әкімдік пен 23 ауылдық округке біріктірілген:
+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Ақмешіт ауылдық округі 960 614 64 468 309 66 492 305 62 Ахмет ауылдық округі 1396 1221 87,5 668 591 88,5 728 630 86,5 Байтуған ауылдық округі 1297 938 72,3 645 465 72,1 652 473 72,5 Балықтыкөл ауылдық округі 219 192 87,7 116 98 84,5 103 94 91,3 Баршын ауылдық округі 895 641 71,6 468 349 74,6 427 292 68,4 Егінді ауылдық округі 1189 993 83,5 579 492 85 610 501 82,1 Жараспай ауылдық округі 599 394 65,8 294 203 69 305 191 62,6 Заречный ауылдық округі 1255 871 69,4 621 449 72,3 634 422 66,6 Индустриальный ауылдық округі 1032 696 67,4 497 350 70,4 535 346 64,7 Кенжарық ауылдық округі 806 548 68 397 277 69,8 409 271 66,3 Көбетей ауылдық округі 1534 1302 84,9 767 669 87,2 767 633 82,5 Қарақойын ауылдық округі 547 381 69,7 285 204 71,6 262 177 67,6 Қараой ауылдық округі 586 511 87,2 295 262 88,8 291 249 85,6 Қорғанжар ауылдық округі 1015 801 78,9 509 417 81,9 506 384 75,9 Құлан ауылдық округі 463 304 65,7 220 164 74,5 243 140 57,6 Құланөтпес ауылдық округі 448 336 75 233 172 73,8 215 164 76,3 Қызылтал ауылдық округі 1486 1036 69,7 764 544 71,2 722 492 68,1 Мұзбел ауылдық округі 762 647 84,9 373 327 87,7 389 320 82,3 Нұра кенттік әкімдігі 5956 6626 111,2 2797 3260 116,6 3159 3366 106,6 Сарыөзен ауылдық округі 252 202 80,2 123 112 91,1 129 90 69,8 Соналы ауылдық округі 219 122 55,7 111 64 57,7 108 58 53,7 Талдысай ауылдық округі 201 160 79,6 110 84 76,4 91 76 83,5 Тассуат ауылдық округі 1279 994 77,7 636 504 79,2 643 490 76,2 Шахтёр ауылдық округі 1211 983 81,2 592 492 83,1 619 491 79,3 Шұбаркөл кенттік әкімдігі 543 1142 210,3 281 806 286,8 262 336 128,2 ЖАЛПЫ САНЫ26150 22655 86,6 12849 11664 90,8 13301 10991 82,6
Геологиялық және геоморфологиялық құрылымы Нұра ауданының геологиялық құрылысына оның ұзақ даму тарихы әсер етеді. Алуан түрлі бедер пішіндерін әр түрлі жастағы тау жыныстары құрайды. Ең ежелгі кембрийге дейінгі (архей, протерозой) тау жыныстары: гнейс, кристалды тақтатастар, кварц, мрамор және гранитоидтар - шөгінді кабатпен жабылмаған, дөңес жерлерде кездеседі. Полеозой жыныстары барлық жерінде кездеседі: олар құрамына қарай төгілмелі (интрузивтік), жанартаулық шөгінді (эффузивтік) және теңіздік болып бөлінеді. Ерте және кейінгі полеозоидың төгілмелі тау жыныстары Арқа жеріндегі аласа таулар мен биік шоқыларда жалаңаштанып, жер бетіне шығып жатыр. Мезозой жыныстары өте сирек кездеседі. Мезозой жыныстарына қарағанда кайнозой заманының шөгінділері жиі кездеседі. Олар жасына қарай палеогендік, неогендік және төрттік шөгінділер деп бөлінеді. Төрттік антропогендік шөгінділер көбінесе бедердің теріс, ойыс жерлерінде, өзен аңғарлары мен көлдердің қазан шұңқырларында жиналған. Нұра ауданы аумағы коледон және герцин құрылымдарын қамтитын полеозойдының ортаңғы бөлігінде орналасқан. Бүл құрылымдар түрлі құрамды құмтас, әктас, кварцит, жанғыш тақтатас, вулканиттерден түзілген. әр түрлі бағыттағы жарылыстары мен опырылыстары бар интрузиялар жыныстарды қатпарлыққа жаншып, қиып өткен. Геологиялық құрылымдар ішінде егжей-тегжейлі зерттелгені ендік бағытқа жақын созылып жатқан Қарағанды синклинорлы.
Жер бедері, пайдалы қазбалары, қоры, орналасуы Нұра ауданының жерінің орташа биіктігі 400-600 метрден аспайтын белесті, төбелі, ұсақ, шоқылы жазық. Шығыс бөлігі көтеріңкі, батыс жағы Теңіз-Қорғалжын ойысына қарай бірте-бірте аласара береді. Солтүстік бөлігінің жері сортаң және корбонатты қарақоңыр, қоңыр және сортаң (Құланөтпес өңірінің бойында), Нұра өңірінің аңғарында шалғындық топырақ кездеседі. Аудан жерлерінде тас көмір, құрылыс материалдары кездеседі. . Ауданының территориясы орография бойынша шартты түрде Аққұдық (шоқы) Нұра ауданының орталық бөлігінде, Кенжарық селосынан солтүстік-батысқа қарай 20 км, Сасықкөлден шығысқа қарай 7 км жерде. Биіктігі 404 м, ұзындығы 1-1,5 км, еңі 0,5-10 км. Беткейлері жайпақ. Ақтасты шоқы. Нұра ауданының оңтүстігінде, Құланөтпес өзенінің сол жағалауында, Шошқакөлден шығысқа қарай 40 км жерде. Ең биік жері 573 м. Беткейлері жайпақ. Солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай созылады, ені 2-3 км. Амантау, тау солтүстікте - Жартас тауы, биіктігі 572 м, шығыста Найза тауы - биіктігі 633 м. Нұра ауданының оңтүстігінде, Шошқакөл көлінің солтүстігінен 10-15 км жерде орналасқан. Солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай 30 км қашықтыққа доға тәрізденіп созылып жатыр, ендірек бөлігі 7-8 км. Беткейлер тау аралық өзен аңғарларымен күшті тілімделген. Солтүстік беткейінен - Ақтасты өзені, оңтүстік беткейінен - Саналы өзені ағып жатыр және оның көптеген салалары бастау алады. Карбон жыныстарынан және девон гранитоидтерінен түзілген. Қызыл, қоңыр, бөз топырағында тал-шілік аралас дала өсімдіктері тау-жусан өседі.
Табиғи климатгық жағдайы және жер қоры Климат жер бедерінің калыптасуына, топырақтың түзілуіне, ішкі судың таралуы мен ағысының реттелуіне (режиміне), өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне үлкен ықпал жасайды. Жергілікті жер ауа райы ауыл шаруашылығының дамуына, өнеркәсіп пен жол қатынас жүйелерін салғанда да ескеріледі. Климаты тым континенттік. 0 Қаңтар айының орташа температурасы 16-17 С, 0 шілдені 20-21 С, Жылдық жауын-шашын мөлшері 250-300 мм, 350 мм. Вегетациялық кезең 160-170 күн. Климаттың қалыптасуына климат түзуші факторлар ыкпал етеді. Күн сәулесінің жер бетіне түсіретін жарығы, одан бөлінетін жылу мөлшері климатты қалыптастырудағы негізгі фактор болып саналады. Жылу мен жарық - ауа мен су қабатында өсімдіктер мен жануарлардьщ тіршілігінде болып жататын барлык процестердің басты себепкері. Агроклиматтық жағдайы ерте себілетін жаздық дәнді дақылдар, қарақұмық, қырыққабат, картоп, қияр өсіруге қолайлы. Ауданның көртеген шаруашыльқтары мал шаруашылығы және егіншілікпен шүғылданады. Қоңыржай жылы, ұсақ шоқылы - қуаң аудан Сарыарқаның неғұрлым аласа бөлігін қамтиды.
Су қорлары және ішкі сулары Аудан жерімен Нұра, Құланөтпес, Үлкен Құндызды т.б. өзендері ағады. Ауданда 564 көл бар (олардың жалпы ауданы 206 км. Үлкен көлдері суы ащы Шошқакөл, Тассуат, Құлтансор, Құмкөл, Қаратай, Өстемір сияқты көлдер бар. Суы тұщы кішігірім көлдер де үшырайды. «Нұра» атауы жөнінде де тиянақты пікір жоқтың қасы. моңғол тілінде: «Нураа» тұлғалы сөз - құлау, бұзылу, ал қалмақша: «Нұрх - опырылып құлап түсу» мағыналарында көрінсе, тунгус- маньчжур тілдерінің бірІнде -«Нура» - «тік жар, құлама жар» деген ұғым береді. «Нұра» сөзі көбіне өзенмен, оның тасыған кезде арна жағасын қүлатуы, бұзылуы, осы әрекеттер нәтижесінде пайда болатын өзен жағалауындағы жармен байланысты екен. Осы деректерді ойымызға арқау ете отырып, Нұра өзенінің тұңғыш мағынасы - «жарлы өзен» болуға тиіс деген жорамал жасалынады. Нұра өзені - Қарағанды, Ақмола облыстарьшың жері арқылы ағатын өзен. Ұзындығы 978 км., су жиналатын арқабы 55100 км². Өзен Сарыаркадағы Қарқаралы тауының бат. сілемдеріндегі бұлақтардан басталып, Теңіз көліне құяды. Аңғары жоғары, орта ағыстарында 1,0-1,5 км, сағасына жақындағанда 10 км-ға кеңейеді. Қорғалжын с-нан төмен жайылмасы 100-200 м-ге дейін тарылады. Жағасы тік жарлы 4-8 м, кей жерінде биіктік 11-12 м- ге жетеді. Жылдық орташа су шығыны Астана қаласы тұсында 14,2 м³/сек. Жер асты, жауын-шашын суымен қоректенеді. Басты салалары - Ащысу, Шерубайнұра, Үлкен Құндызды. Қарағанды облысында өзен бойынан Самарқан және Самар бөгендері салынған. Біріншісі Қарағанды, Теміртау қалаларындағы өнеркәсіп орындарын сумен қамтамасыз етедІ. Ақмола облысының жерінде шабындықты келдетіп суару үшін Щалқар, Кеңбидайық, Ленин жолы, Қожа мола, Қорғалжын бөгеттері жасалған. Нүра облыстағы ірі өзен Теңіз көлінің алабына жатады және осы көлге құяды.
Басын Ханқашты тауының оңтүстік - батыс сілемінен алады. Нұра алабында үзындығы 10 км - ден асатын 200 - дей өзен, оның ішінде (км. Есебімен): Шерубайнүра 268, Үлкен Қүндызды 113, Байкожа 99, Ащысу 90, Есен 85, Ақбастау 82, Матақ 53, Түзды - 50, Шилі 50 сияқты ірі салалар бар. Өнеркәсіп орталыктарын сумен қамтамасыз ету үшін өзенге 7 бөгет пен бөген салынған, оның елеулісі Самарқан бөгені, Нұра өзенінің үстімен 10 көпір салынған. Нүра ағатын жер беті аласа шоқылардан жазық өңірге үласады, кей тұсы батпақты келеді. Нүраның су жайылмасында шалғын шөп өседі, елді мекендерге таяу бау-бақша дақылдары егілген; жағаны бойлай тал, итмұрын өседі.