Ален Жиресс (; 2 тамыз 1952https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/117493, Лангуаран, Франция) — франциялық футболшы, жартылай қорғаушы. 1984 жылғы Еуропа чемпионы.
Карььерасы 1982, 1986 жылдары әлем чемпионатына қатысқан. Сексенінші жылдардың бірінші жартысында Мишел Платини, Луис Фернандес, Жан Тигана төртеуі құрамада тізе қосып ойнап, "Құдіретті квартет" деген атауға ие болды.
Карьерасының басым бөлігін "Бордо" клубында өткізді. 1970 жылы осы клубта карьерасын бастап, 1986 жылға дейін ойнады. Карьерасын аяқтар тұста екі маусым "Олимпик" (Марсель) клубында доп тепті. Жалпы ФФранция чемпионатында 586 кездесуде алаңға шықты. Бұл Жан-Люк Этториден кейінгі екінші көрсеткіш.
Бапкерлік карьерасын 1995 жылы "Тулуза" клубын жаттықтырудан бастады. 1998 жылы азырақ уақыт "Пари Сен-Жермен" клубын баптады. Кейінгі жылдарда Африканың бірнеше ұлттық құрамасын және Грузия құрамасын жаттықтырды.
Жетістіктері
Ойыншы ретінде Бордо
Франция чемпионы: 1984, 1985 Франция чемпионатының вице-чемпионы: 1983 Франция кубогы: 1986 Чемпиондар кубогының жартылай финалисі: 1985 Альпі кубогы: 1980
Олимпик Марсель
Франция вице-чемпионы: 1987 Франция кубогының финалисі: 1987 Кубок иелері кубогының жартылай финалисі: 1988
Франция
Әлем чемпионатының жартылай финалисі: 1982 Еуропа чемпионы: 1984 Артемио Франки кубогы: 1985 Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 1986
Жеке
Франциядағы жыл футболшысы — 1982, 1982, 1983, 1987 France Football күміс добы: 1982 Бордо сапындағы үздік мерген: 179 гол «Бордо» сапында ең көп ойын өткізген: 592 матч
Бапкер ретінде ПСЖ
Франция суперкубогы: 1998
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Франция футболшылары
Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бордо ФК ойыншылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Франция футбол жаттықтырушылары Санат:Тулуза ФК жаттықтырушылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК жаттықтырушылары Санат:Грузия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Габон Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Мали Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Сенегал Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Тунис Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары