Борис Александрович Чехлыстов (19 наурыз 1946 жыл, Краснотуриньск, Свердлов облысы) — КСРО-лық допты хоккейші, жартылай қорғаушы, допты хоккей жаттықтырушысы. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы. "Достық" орденінің иегеріhttp://kazakhstan.news-city.info/docs/sistemsv/dok_oegprz/ . 1990 жылы "Динамо" (Алматы) жаттықтырушысы ретінде КСРО чемпионы атанған.

Көгалдағы хоккейде де ойнаған, "Динамо" (Алматы) сапында бірнеше рет КСРО чемпиондығына қол жеткізді.

1964-83 жылдары "Динамо" сапында ойнады. Жетістіктері Допты хоккей КСРО чемпионы (1) – 1977 Күміс жүлдегер (6) — 1973, 1975, 1976, 1978, 1979, 1981 Қола жүлдегер (3) —1966, 1967, 1971, 1974, 1983 Еуропа чемпиондар кубогы (1) – 1978 Көгалдағы хоккей КСРО чемпионы – 1972, 1973, 1975, 1976 Күміс жүлдегер – 1970, 1971, 1974 Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша допты хоккейшілер Санат:19 наурызда туғандар Санат:1946 жылы туғандар Санат:Динамо Алматы КХК ойыншылары Санат:КСРО допты хоккейшілері Санат:КСРО көгалдағы хоккейшілері Санат:Динамо Алматы ДХК ойыншылары Санат:Динамо Алматы ДХК жаттықтырушылары