Дрю Джилпин Фауст ( 18 қыркүйек 1947, Нью-ЙоркA ‘Rebellious Daughter’ to Lead Harvard) — ағылшындық тарихшы және Гарвард Университетінің 28-і президенті, осы қызметтегі бірінші әйелThe Harvard Crimson. Retrieved February 9, 2007. . Фауст Рэдклифф тереңдетілген зерттеу институтының бұрынғы деканы, ол 1672 жылдан бергі Гарвардтың бакалавр немесе магитср деңгейінсіз алғашқы президенті және оңтүстіктен көтеріліп шыққан алғашқы тұлға Alderman, Jesse Harlan (February 11, 2007)Maria Sacchetti and, Marcella Bombardieri (February 12, 2007). The Boston Globe. Retrieved February 12, 2007.. 2014 жылы Форбес оны әлемдегі 33-і ең ықпалды әйел ретінде таныдыThe World's 100 Most Powerful Women. Forbes. Retrieved June 24, 2014..
Өмірбаяны Дрю Джилпин Нью-Йорк қаласында туыпwww.encyclopedia.com. Retrieved February 11, 2018., Вирджиния штатының Кларк Каунти аймағында, Шенандоа Вэллиде өскен. Ол Кэтрин Джинна және Макги Тайсон Джилпиннің перзенті. Әкесі Принстонның түлегі және асыл тұқымды жылқылардың бақташысы болған. Оның әке жағынан үлкен атасы, Лоуренс Тайсон, 20-шы жылдары Америка құрамасының Теннесиден штатынан сенаторы болған Harvard Magazine, May–June 2003. Фаусттың сондай-ақ ата-бабалары Жаңа Англиялық болған Принстонның үшінші президенті, пуритандық Джонатан Едвардтың ұрпағы.
Білімі Фауст Массачусетстегі Конкорд Академиясын 1964 жылы аяқтады. Ол 1968 жылы тарих саласына қосқан үлесі үшін Брин Мор колледжінің үздік бакалавры марапатын (BA Magna cum Laude) иеленді. Ол гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін 1971 жылы Пенсильвания университетінде және 1975 жылы “Қасиетті шеңбер: 1840-1860 жж. Көне оңтүстіктегі зиялылардың қоғамдық рөлі” диссертация тақырыбымен доктор дәрежесін иелендіFaust, Catharine Drew Gilpin (1975). University of Pennsylvania. OCLC 606047590 – via ProQuest.Harvard "Ask a Librarian". March 30, 2011. Archived from the original on May 27, 2013. Retrieved January 21, 2013..
Мансабы 1975 жылы Фауст Пенсильвания университетінің Америкалық цивилизация факультетіне профессор ассистенті ретінде қызметке тұрады. Соғысқа дейінгі және азамат соғысы кезіндегі Оңтүстік тарихының маманы Фауст, Уолтер Анненбергтің профессоры болды.
Ол алты кітаптың авторы, Өнертабыстың аналары: "Азаматтық соғыс тұсындағы құл иеленуші оңтүстіктің әйелдері" (1996) атты еңбегі үшін, ол Фрэнсис Паркмэн атындағы Америкалық Тарихшылар Одағының марапаты мен Америкалық Тарихшылар Ұйымының Эйвери О. Крейвен марапатын 1997 жылы cыйлығын алады. Оның басқа да жұмыстары Джеймс Хенри Гаммонд, оңтүстік Калифорнияның 1842-1844 жылдар аралығындағы басшысы Джеймс Хенри Гаммондтың өмірбаяны. Қасірет Республикасы (2008) Құрама штаттарының өлім туралы көзқарасының азаматтық соғыс кезіндегі үлкен жоғалтулары негізенде өзгеруі туралы сыни тұрғыдан танылған зерттеу. Бұл еңбек Пулитзер премиясында және Ұлттық Кітап марапаттауында финалист болды.
2001 жылы, Фауст Рэдклифф колледжі мен Гарвард университетінің бірігуінен кейін, Рэдклифф тереңдетілген зерттеу институтының бірінші деканы болды.
2007 жылдың 8-ақпанында, Фауст университеттің келесі президенті болып сайландыSchuker, Daniel J. T.; Zachary M. Seward; Javier C. Hernandez (February 8, 2007). Оның жаңа қызметі университет басшылығымен тек үш күннен кейін ғана жарияланады. Фауст Гарвард университетінің ең бірінші әйел президенті ретінде тарих беттеріне жазылды"First Female Harvard President Discusses Priorities and Goals February 12, 2007. Retrieved March 15, 2020..
Фауст 2006 жылдың 30-маусымында Гарвард университетінің Өнер және Ғылым факультеті мүшелері тарапынан сынның толастамауына әкеліп соққан, кереғар пікірлері үшін қызметінен босатылған Лоуренс Саммерстің орнына келді. 1971-1991 жылдар аралығында Гарвардтың президенті ретінде қызмет атқарған Дерек Бок, 2006-2007 оқу жылында уақытша президент ретінде қайта қызметке келді.
Кампусте пресс конференция барысында, Фауст: «Менің осы қызметке тағайындалуым бұрын адам елестете алмаған жаңа мүмкіндіктердің ашылуына белгі екеніне сенемін». Фауст сонымен қатар келесідей мәлімдеме жасады: «Мен Гарвардтың әйел президенті емеспін, мен Гарвардттың президентімін».
2007 жылдың 12-қазанында Фауст төмендегідей жолдау жолдады:
нобай|Фаусттың инаугурациясына дайындық
Фаусттың бастамасымен Гарвард колледжіне білімгерлер үшін ақшалай көмек көбейтілді. 2007 жылдың 10-желтоқсанында Фауст орта және жартылай жоғары әл-ауқатты білімгерлер үшін жаңа саясат жариялады, онда жылына 100,000-180,000 доллар арасында табысы бар отбасылар үшін ата-аналық жәрдемақы үлесін 10 пайыз ғана етіп шектеді, несиелерді грантқа ауыстырды. Осы саясатты жариялау барысында, Фауст келесідей мәлімдеме жасады, «Оқыту Америка демократиясын іске қосатын қозғалтқыш іспеттес... Және ол жұмыс жасауы керек, сондай-ақ оған адамдардың қолдары жете алуы керек» Rimer, Sara; Finder, Alan (December 10, 2007). "Harvard Steps Up Financial Aid". The New York Times.. Бұл аталған жаңа саясат алдыңғы бағдарламаларды дамытты, 60,000 доллардан аз табатын отбасылар үшін ата-аналық салымды алып тастап, 100,000 доллар табатын отбасылар үшін төлемақыны қысқартты. Осыдан кейін дәл осындай саясат Стенфорд, Йель, және де АҚШ-тың басқа да жеке университеттері мен колледждерінде жүзеге асырылды Glater, Jonathan D. (February 21, 2008). "Stanford Set to Raise Aid for Students in Middle"The New York Times..
Сонымен қатар, жоғарғы оқуды қолжетімді етумен бірге, Фауст АҚШ конгресіне ғылыми зерттеулер мен кіші факультет зерттеушілерін қолдау үшін қаржыландыруды үлкейту үшін ұсыныс жасадыFaust Talks to U.S. Senate. March 11, 2008.. Ол өнерді жандандыруды басты мақсат етіп, оны білімгерлер мен ұжым қызметкерлерінің күнделікті өмірлеріне сіңіруге назар бөлді. Фауст университеттің халықаралық деңгейінің ары қарай өсуіне жұмыс жасады. Сондай-ақ ол тұрақты дамудың жақтаушысы болып университеттің жылы жайларынан газ бөлінуін, Гарвардтың 2006 жылғы базалық деңгейінен 30 пайызға төмендету арқылы, 2016 жылға дейін азайтуды мақсат етіп қойдыStatement on the Report of the Harvard Greenhouse Gas Task Force.
2008 жылдың мамырында Кристина Ромерге, Барклейдегі Калифорния университетінің экономикалық профессоры, Гарвард экономика бөлімінің қолдауыны қарамастан, Гарвард басшылығы болуға ұсыныс түспеді. Фауст Ромердің басқару мерзіміне қатысты жәйт туралы баспасөз мәлімдемелеріне пікір білдіруден бас тартты. Ромерді кейінірек Президент Барак Обама экономика кеңісшілер одағының басқару етіп тағайындады. Сондай-ақ Фаусттың басқаруы кезінде, Гарвардтың экономикалық факультетінде болған Раджа Четти, Сьюзан Ати, Гвидо Имбенс, Дрю Фуденберг және Нобель сыйлығының лауреаты Эла Ротаны қоса алғанда, Стэнфорд пен Массачусетс технологиялық институтына көрнекті оқытушылардың кетуі байқалдыAt the Margin: Harvard Economics’ Precarious Spot on Top.
2009 жылдың маусымында жұмыстан қысқартулар орын алып жатқан кезде, Фауст жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік беретін жалақыны төмендету ұсынысынан бас тартқаны үшін қатты сынға ұшырады. Айлар бойы жалғасқан қысқатуралар кезінде, неше түрлі кампус топтары Фаусттың және басқа да администрация қызметкерлерінің айлықтарын қысқартуға үндеді.
Фаусттың жалақысы туралы мәліметтер әртүрлі: The Boston Globe Фауст 2007-2008 жж. оқу жылында 775,043 мың доллар тапқанын жарияласаBoston Globe. Retrieved June 24, 2009.. Harvard Grimson 2008-2009 жж. фискальды жылда жалақысы мен табысы 693,739 мың доллар құрағаның мәлімдеді. 2009 ж. Гарвард Корпорациясы президент, декандар, жоғарығы лауазымды қызметкерлер, менеджмент ұжымы және факультет айлықтарын уақытша тоқтатып қоюға келісімін беріп, ерте зейнетке шығу бағдарламасын ұсынды. Сонымен қатар университет қызметкердерінің 2,4 пайызын еріксіз қысқартуға мәжбүр болдыHarvard Magazine. July 23, 2009. Retrieved September 1, 2010..
2010 ж. желтоқсанда Фауст және Стенфорд Университетінің президенті Джон Хеннесимен бірге DREAM Act.-нің үзіндісіне қолдау ретінде мақала жазып шығарды. Заңнама АҚШ 111-ші Конгресімен мақұлданбады. нобай|Бостон (4 наурыз, 2011) 2011ж. Фауст әскери-теңіз күштерінің хатшысы Рэй Мабуспен келісім жасайды, онда ол шамамен 40 жылдан кейін, яғни 2010 ж. желтоқсандағы “Сұрама, айтпа” кейінгі заңына сәйкес, JD’76, әскери-теңіз күштері офицерлерін даярлау корпусының бағдарламасын, кампуске қайтару бағдарламасын қол қоядыBoston.com. Retrieved September 19, 2015..
Фауст Гарвард Колледжінің президент қызметінен 2018 ж. маусымда кеттеді, оның орнына Лоуренс Бэкау келеді. Президент қызметінен кеткеннен кейін 4 күннен соң, ол Голдман Сакс (Glodman Sachs) одағына қосылады. Ол Гарвардтағы тарих профессоры атағын сақтап қаладыFaust Joins Goldman Sachs Board of Directors Days After Exiting Presidency.
Жеке өмірі Фауст Гарвард университетінің медицина тарихшысы Е.Розенбергке тұрмысқа шыққан. Розенберг Фаусттың диссертация көмекшісі болған. Олардың бір қыздары бар, Джессика Розенберг, ол Гарвард түлегі және New Yorker-де жұмыс атқарады. Фаусттың сондай-ақ өкіл қызы Лия Розенберг бар.
Ол бұған дейін Стивен Фаустпен тұрмыста болғанRetrieved September 19, 2015.. 1988 жылы Фаустқа сүт бездері обыры диагнозы қойылып, ол сол жылы ем қабылдайды. Одан бері оның денсаулығы жақсы. Ол өзіне қойылған диагноз немесе ем-дом туралы баспасөзге мәлімет беруден бас тартады "In Faust, early bold streak"The Boston Globe. Retrieved September 22, 2007..
Еңбектері This Republic of Suffering: Death and the American Civil War (Knopf, 2008) ISBN 978-0-375-40404-7 Drew Gilpin Faust, "The Dread Void of Uncertainty", Southern Cultures, Volume 11, Number 2, Summer 2005, pp. 7–32 | doi:10.1353/scu.2005.0018, at Project MUSE Mothers of Invention: Women of the Slaveholding South in the American Civil War (University of North Carolina Press, 1996) ISBN 978-0-8078-5573-7 Southern Stories: Slaveholders in Peace and War (University of Missouri Press, 1992) ISBN 978-0-8262-0975-7 The Creation of Confederate Nationalism: Ideology and Identity in the Civil War South (Louisiana State University Press, 1982) ISBN 978-0-8071-1606-7 James Henry Hammond and the Old South: A Design for Mastery (Louisiana State University Press, 1982) ISBN 978-0-8071-1248-9 A Sacred Circle: The Dilemma of the Intellectual in the Old South, 1840—1860 (University of Pennsylvania Press, 1977) ISBN 978-0-8122-1229-7
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Гарвард университеті президентінің ресми сайты Ғылыми феминизімнің жеңісі Radio interview with Faust. This Republic of Suffering (32 min., 2012) The Wall Street Journal
Санат:Пенсильвания университеті оқытушылары Санат:Гарвард университеті оқытушылары Санат:Брин Мор колледж түлектері Санат:Пенсильвания университеті түлектері Санат:Гарвард университеті түлектері Санат:Философия докторлары Санат:АҚШ тарихшылары Санат:Америка өнер және ғылым академиясы мүшелері