Браим Абделькадер Диас (; 3 тамыз 1999, , Испания) — марокколық және испаниялық футболшы, "Реал Мадрид" клубының шабуылшысы.

Карьерасы "Малага" клубының түлегі. 2013 жылы 14 жасында "Манчестер Ситидің" мектебіне ауысты. 2017 жылдан негізгі құрамда ойнай бастады. 2018 жылы 20 қаңтарда тұңғыш рет Англия чемпионатында алаңға шықты.

2019 жылы қаңтарда "Реал Мадрид" клубына ауысты. Трансфер құны 17 млн еуроны құрады. 9 қаңтарда Испания кубогында тұңғыш рет клуб сапында алаңға шықты.

2020 жылы 4 қыркүйекте "Миланға" жалға берілді.

2023 жылдың 10 маусымында Реал Мадрид клубы Браим Диастың үш маусымдық Милан клубындағы арендасынан оралғанын және оның келісімшартын 2027 жылдың маусымына дейін ұзартқанын хабарлады.

Жетістіктері

«Манчестер Сити»

Англия чемпионы: 2017/18 Англия суперкубогы: 2018

«Реал Мадрид»

Испания чемпионы: 2019/20 Испания суперкубогы: 2019/20

Испания құрамасы

Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 2018

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Марокко футболшылары Санат:Испания футболшылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Марокко Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары