Жетісу телеарнасы — 1999 жылы құрылған Жетісу облысының ақпараттық-танымдық, отбасылық телеарнасы.
Хабар тарату аумағы ОTAU TV спутниктік желісі арқылы Қазақстан, Ресей, Түркия, Иран, Пәкістан, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттері, ID-TV кабельдік желісі арқылы Қазақстан, сонымен қатар ALMA-TV мен Қайнар-TV арқылы Алматы және Жетісу облыстарының аумағы.
Әр түрлі саланы қамтитын 40-тан астам төл бағдарламасы бар. Ал мұрағатында шығармашылық ұжыммен жасалған жүздеген бағдарламасы бар. Қазіргі таңда эфирге әр түрлі бағыттағы 23 бағдарлама, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде жаңалықтар шығарып таратады.https://www.youtube.com/user/zhetysutv/abouthttps://www.instagram.com/zhetysutv/
Тарихы 2015 жылы телеарнаның материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Дәл осы жылы HD (16*9) форматына ауысты. Қазақстанда техникалық мүмкіндіктері бойынша екінші болып саналатын медиа-орталық құрылды.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан телеарналары Санат:Алфавит бойынша телеарналар