Сұлтануәйс Үдерұлы (Арал хазірет) – (1795 – 1860жылдар, Нарын құмы, Тума Қазіргі Атырау облысы, Индер ауданы) – дін қайраткері. ХІХ ғасырда өмір сүрген, діни сауатты, жоғары білім алған адам.
Жалпы мәлімет Беріш, Себек, Тума аталығынан тарайды. Тумадан - Кемесайдан – Байшағыр, одан – Үдер, одан – Арал (Сұлтан-Уәйіс). Хиуа, Стерлитамақта дін оқуын бітіріп, елге 1818 жылы Арал «Хазірет» дәрежесімен оралған. Туған жері Тумада «Көк мешіт» және Теңіз жағалауында өз қаражатына екі мешіт салдырып, жанына екі бөлмелі жатақхана, асханасымен медресе ашып, ауыл балаларының сауатын ашуға аянбай еңбек еткен, Атырау өңірінің дін саласында алғашқы қарлығаштарының бірі. 1840 жылы 5 қазанда хан Жәңгірдің №4 бұйрығымен Теңіз округіне указной молда болып бекітілген.Фархад Байдәулетов, Тарих қойнауындағы құтты мекендер. Атырау 28.04.2021 Балалары Дәулетәли мен Ғұбайдулла Аралұлдары медреседе балаларды оқытумен жеке айналысады, Уфада дәріс алған. Қазынадан да, жамағаттан да қаражат алмаған. Медреседе 10 пәннен дәріс беріліпті (араб тілі, фихк, геометрия, медицина, география, тарих, астрономия, космография, әдебиет т.б.) мұғалімдерді Уфадан, Петербордан алдырып, медресенің жұмысын өз қаражатымен жүргізген екен. Баласы Гисматулла Аралұлы 1891 жылы 24 тамызда №4067 бұйрықпен имам-хатиб, мұғалім болып бекітілген. 1894 жылы 12 шілдеде «ахун» атағы берілген. Немересі Ғабдрахман Ғұбайдуллаұлы 1908 жылы 18 қазанда №7113 бұйрықпен (д№420/94г) имам-хатиб және мұғалім болып бекітілген.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Ә.Х. Мұқтардың мәліметтері бойынша Арал хазіреттің және оның ұрпақтарының өз қаражаттарына ашқан бірнеше мешіті мен олардың жандарында жұмыс істеп, сол кездегі жұртшылықтың балаларына мұсылманша білім берген медреселері болған. 1870 жылғы Ресейлік үкіметтің ресми дерегі бойынша Беріш Себектерде екі мешіт, үш медресе болған.Мұқтар Әбілсейіт. Имандылық нұрын сепкен қазіреттер, Атырау, 12.5.2020
Елдің басын біріктіріп, жақсы сөзімен, терең білімінің құдіретімен талайлардың жан дүниесін тазартып, санасына саңылау ашып, адасқандарды тура жолға түсіріп, Аллаға серік қосудан сақтап, оқу – білім бағытында тәрбиелеген. Исламның тура жолына өз өмірін бүтіндей арнаған мұндай жанның аңыз болып ұрпақтан-ұрпаққа таралуы тегін емес. Елінің ыстық ықыласына бөленіп, сый құрметін көруі, ұрпақтарына ұмытылмас ұлағат, өміршең өнеге, пайымды парасат, азбас ақыл, тозбас тағылым болғаны ақиқат. Өйткені, заманды болжап, елді сауаттандыруда ерекше күш-жігерін жұмсап, құм арасындағы шашыраңқы орналасқан елдің балаларын жатақханаға орналастырып тегін тамақпен, оқу құралдарымен қамтыса керек.
2019 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сайпеден Сидеғалиев бастаған «Жотасы биік Дендерім» атты экспедиция шығып, Тарихи-танымдық деректі фильм түсіріліп, елге жария болды. Бұда болса Арал хазірет туралы ақтаңдақтардың бұлты сейіліп түндігі түрілгеніне бүкіл ел қуанған болатын. Арал хазіреттің аты ғасырларға жеткені аян. Себебі, екі ғасырдан астам уақыт өтсе де елге сіңірген еңбегі халық есінен шыққан емес. Үдер ұрпақтарынан жеті бірдей хазірет, ахун атанған білімді азаматтар өрбігенін бүкіл ел біледі. Аралдан тараған ұрпақтары оқып, білім алып, ел игілігі үшін қызмет еткен, әлі күнге хазірет әулеті деп құрметтеледі. Арал қауымы Тумада, Индер ауданы, Өрлік ауылының оңтүстік–батысына қарай 70 шақырым жерде, Нарын құмында қауымдық қорымы бар. Сол қорымнан 800 метр жерде Аралұлы Гисматолла - ахун хазірет салдырған мешіт құландысы сақталыпты. Арал ұрпақтары Атырау облысының аудандарында тұрады.
Дереккөздер
Санат:1795 жылы туғандар Санат:1860 жж. қайтыс болғандар Санат:Индер ауданында туғандар Санат:Ислам дінтанушылары Санат:Ханафилер Санат:Тарих ғылымдарының докторлары