«Жанкештілер жасағы: Сынақ миссиясы» () — DC Comics баспасының комикстеріне негізделген америкалық суперқаһармандық фильм. Warner Bros. Pictures компаниясы шығарған бұл фильм «Жанкештілер жасағы» (2016) фильмінің жекеленген сиквелі әрі DC Ғаламының оныншы фильмі болды. Фильмнің режиссёрі және сценаристі - Джеймс Ганн. Басты рөлдерде: Марго Робби, Идрис Эльба, Джон Сина, Джоэл Киннаман, Сильвестр Сталлоне, Виола Дэвис, Джай Кортни, Питер Капальди. Фильм Ұлыбританияда 2021 жылы 30 шілдеде, ал АҚШ-та 5 тамызда шықты. Сол күні бір ай көлемінде Max стриминг-сервисінде қолжетімді болды. Қазақстанда фильм 5 тамызда шықты. Фильм сыншылардың жақсы бағаларына ие болды. Сыншылар Ганның режисерлығын, визуалды стилін, есерсоқ әзілдерін жоғары бағалады. Фильмнің спин-оффы «Бітімгер» телесериалы 2022 жылы қаңтарда HBO Max сервисінде шықты"CastVariety""RobbieNewSide""DoGGunnApr2021".

Рөлдерде Марго Робби – Харли Квинн Идрис Эльба – Бладспорт Джон Сина - Бітімгер Джоэль Кинеман - Рик Флаг Сильвестр Сталлоне - Акула Патша Майкл Рукер – Савант Шон Ганн – Уизл Давид Дастмалчян – Бұршақты адам

Дереккөздер

Санат:DC комикстерін экранизациялау Санат:Харли Квинн жайлы фильмдер Санат:АҚШ комикстерін экранизациялау Санат:DC Comics Санат:DC кинематографиялық ғаламы Санат:Комикс желісі бойынша туындылар Санат:Комикстерді экранизациялау