Қосбастау – Шыңғыстау жотасының оңтүстік-батыс бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Абай облысы Абай ауданы Көкбай ауылының оңтүстік-батысында 24 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1077 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км-ге созылған, енді жері 1 км. Солтүстік беткейі тіктеу келген. Батысында Ақдомбақ, шығысында Ақбиік таулары, оңтүстігінде Ақшатау жотасы орналасқан.

Өсімдігі Беткейінде тобылғы, қараған, тал, терек, қайың, т.б. өсімдіктер өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Абай облысы) таулары