Құбакөл, Құбыкөл – Ойыл алабындағы тұйық көл.
Географиялық орны Тайсойған құмының солтүстігінде, Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Қоныстану ауылының солтүстік-батысында 10 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 14 м биіктікте жатыр. Аумағы 2,4 км2, ұзындығы 2,1 км, енді жері 1,4 км, жағалау бойының ұзындығы 11 км. Жағалауы жазық, көл суы жаз айында тартылады. Солтүстігінде Құрқұшақ, батысында Байтақ, Қаттыкөл көлдері, онтүстігінде Сырым қыстауы жатыр. Суы тұзды.ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫ: «Қазақ энциклопедиясы» Алматы, 2011. 3-том ISBN 9965-893-64-0
Дереккөздер
Санат:Қызылқоға ауданы көлдері Санат:Ойыл су алабы көлдері