Владимир Петрович Амбицкий (1940, Украина, Херсон облысы, Нововоронцовка ауданы, с.Фирсовка — 1985) — еңбек ардагері, механизатор. Соц. Еңбек Ері (1973).
Еңбек жолын 1954 ж. Қостанай облысы Жітіқара ауданы Комсомол а-нда жұмысшы болып бастаған. Херсон облысы Каховский ауданы Крупская атынд. ұжымшарда, «Красный партизан» кеңшары Нижнесерогозкий ауданында жұмысшы болып еңбек еткен (1955 — 61). 1961 жылдан бұрынғы Көкшетау облысы Уалиханов ауданы «Черниговский» кеңшарында трактор-комбайн жүргізушісі болып жұмыс жасаған.
Орден, медальдармен марапатталған."Қазақ Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:1940 жылы туғандар Санат:Нововоронцовка ауданында туғандар Санат:1985 жылы қайтыс болғандар Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Тың жерлерді игергені үшін медалінің иегерлері Санат:Механизаторлар Санат:Жітіқара ауданы тұлғалары Санат:Уәлиханов ауданы тұлғалары