Махан Нарымбаев (1923 жылы туған, Түркістан ауданы Атабай ауылы) – Социалистік Еңбек Ері (23.7.1948). 1942–43 жылдары Қызыл Армия қатарында 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1944–52 жылдары Қызыл ту ұжымшарында басқарма хатшысы, ферма есепшісі, жылқы фермасының меңгерушісі, басқарма төрағасы, 1953–55 жылдары Бостандық ұжымшарында ферма меңгерушісі, 1956–62 жылдары Ұранғай ауылдық кооператив дүкенінің меңгерушісі, 1962–66 жылдары Түркістан ауданындағы ұжымшарда шопанның көмекшісі болып істеді.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясыОтырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Социалистік еңбек ерлері