Кофеин — кофе ағашында, шай бұтағында, мате, гуарана, какао және кола өсімдіктерінде кездесетін алкалоид. Бұларды тағамға пайдаланғанда, құрамындағы кофеин адамның орталық жүйке жүйесіне ынталандырғыш әсер жасайды және қантамырлардың кеңеюіне әкеледі. Осындай қасиеттерін ескеріп, оны дәрі-дәрмекке және әртүрлі сусындарға қосады.
Кофеинді Фридлиб Фердинанд Рунге 1819 жылы жеке зат ретінде ашқан және оған осы атауды берген. 1827 жылы шай құрамында теин деген жаңа алкалоид ашылды, бірақ 1838 жылы теин мен кофеиннің бір зат болғаны дәлелденді. Бұл заттың тарихи атаулары арасында гуаранин және матеин дегендер де бар.
XIX ғасырдың соңында Герман Эмиль Фишер кофеиннің құрылысын анықтады және оны алғаш рет синтездеу жолымен алды. 1902 жылы бұл химик Нобель сыйлығының лауреаты атанды.
Кофеиннің химиялық атауы — 1,3,7-триметил-ксантин.
Санат:Алкалоидтар Санат:Психостимуляторлар Санат:Кофе