Құрық – Ертіс алабындағы өзен.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы жерімен ағады.

Бастауы Бастауын Тройницкое ауылынан батыста алып, Гагарино ауылының батысымен өтіп, Ертіс өзеніне сол жағынан құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 33 км, су жиналатын алабы 260 км2, жалпы ұзындығы 36 км болатын 7 саласы бар. Арнасының басым бөлігі сайлы-жыралы, жарқабақты келген. Өзенде жыл бойы су болады. Суы қараша айының 1-онкүндігінде қатып, сәуір айының 3-онкүндігінде ериді.

Өсімдігі Өзен бойында итмұрын аралас қайың, көк терек, қарағай шоқтары кездеседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ұлан ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы