Қараоба – Байтілеу тауларының солтүстік-батысындағы оқшауланған шоқылы тау.

Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Тарлаулы ауылының батысында 6 км жерде, Аягөз өзенінің аңғарында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 459 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Беткейі жалпақ келген. Оңтүстік-батысында Кеген тауы, оңтүстігінде Бестерек, Жырақұдық қыстаулары орналасқан. Шабындыққа, мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы таулары