Қызыладыр – Қызыларай және Үшқайың тауларының аралығындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері Солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км. Абсолюттік биіктігі 864 м. Беткейі көлбеу, сай-жыралармен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады.
Геологиялық құрылымы Девон жүйесінің жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Шала дамыған бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, сұлыбас, бетеге, бұталар өседі. Бұлаққа бай. Тау аңғарында қыстаулар бар. Атырабы жайылым, шабындық ретінде пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары