Сеструха – Үбі жотасының солтүстік бөлігіндегі тау.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Зимовье ауылының солтүстік-шығысында 55 км-дей жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1544 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 7 км-ге созылған, енді жері 5 км. Беткейі тіктеу, өзен жəне тауаралық аңғарлармен тілімденген. Солтүстік жəне батыс беткейлерінен Сакмариха өзенінің салалары бастау алады.
Өсімдігі Таудың төменгі беткейінде шыршалы-самырсынды, кей жерлерде көктеректі-қайыңды орман алып жатыр. Атырабы – шабындық жəне жайылым.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Глубокое ауданы таулары