Тәуіш — Қостанай облысы Жангелді ауданындағы ауыл, Жаркөл ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Торғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 55 км жерде, Татыр мен Жаркөл көлдерінің аралығында орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1217 адам (621 ер адам және 596 әйел адам) болса, 2009 жылы 1177 адамды (612 ер адам және 565 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1960 жылы ұсақ ұжымшарларды біріктіру негізінде құрылған “Албарбөгет” қой кеңшарының орталығы ретінде қаланған. Оның негізінде Тәуіште бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.
Дереккөздер
Санат:Жангелді ауданы елді мекендері