Қосшы – Кішітау тауларының солтүстік-батысындағы аласа тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Сарлық ауылының оңтүстік-батысында 28 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 485 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 4,5 км-ге созылған, енді жері 1,5 км. Беткейі көлбеу, қос шоқыдан тұрады. Таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Солтүстігінде Тұзкөл көлі, оңтүстігінде Сарытау тауы, шығысында Қойтас қыстауы жатыр.

Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, селеу, бетеге, тобылғы, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы таулары