Сарыоба – Желдіадыр тауларының шығысындағы Жаманкөң мен Жақсыкөң өзендері аралығындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Баршын ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 432 м. ұзындығы 8 км, ені 4 км. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылған оқшау таудың беткейі жатық, төбесі доғалданып келген.
Өсімдігі Беткейі мен етегінің қызғылт қоңыр, қоңыр топырақ жамылғысында қараған, жыңғыл, ши аралас бетегелі-бозды, жусанды-еркек шөпті дала ландшафтысы қалыптасқан. Шығысындағы Жаманкөң өзені бойында астық тұқымдас шалғынды өсімдіктер өседі. Алабы - мал жайылымы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы таулары