Созықсор – Семейтау тауының солтүстік-батысындағы тұйық тұзды көл. Ертіс алабында.
Географиялық орны Абай облысы Жаңасемей ауданы, Маралды ауылының батысында 43 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 185 м биіктікте жатыр. Аумағы 5,1 км2, ұзындығы 4,2 км, енді жері 2,3 км, жағалау бойының ұзындығы 17,3 км. Көктемгі еріген қар, жер асты суларымен толысады. Қараша айының аяғында суы қатып, сəуірдің басында ериді.
Жағалау сипаты Жағалауы тегіс, пішіні күрделі, қатты тілімденген. Алабы шабындық жəне жайылым. Оңтүстік-шығысында Балықтыкөл, Қарабастұз көлдері жатыр. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жаңасемей ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы көлдері