Қошқар – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында орналасқан тау.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 759 м. Батыстан шығысқа қарай 20 км-ге созылып жатыр, енді жері 10 км. Бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады, етегінде қорым тастар бар.
Геологиялық құрылымы Тас көмір жүйесінің орта және жоғарғы бөлім жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, сұлыбас, бұталар өседі. Шығыс және батыс жағын сор топырақты өңір алып жатыр. Мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары