Сарыдоңғал – Теңіз көлінің батыс бөлігіндегі аласа тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Аққолқа ауылынан солтүстік-батысқа қарай 57 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 400 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 5 км-ге созылған, енді жері 3 км. Беткейлері жайпақ, оңтүстік-батысқа қарай беткейі қырқаларға ұласады. Таудың оңтүстік жəне шығыс етегінде қорымтастың мол үйінділері шоғырланған. Солтүстігінде Кенен, оңтүстік-батысында Бақалыадыр таулары, шығысында Қыпшақ көлі жатыр.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында итмұрын, қараған, тобылғы, қылқан боз, тарақ селеу, сұлыбас, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы таулары