Қаратас – Шошқакөл көлінің оңтүстік-шығысындағы шоқылы тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Ынталы ауылының солтүстігінде 13 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 705 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-ге созылған. Енді жері шамамен 1-2 км. Беткейі жатық көптеген тізбекті шоқылардан тұрады. Солтүстік бөлігінде Белқараған бұлақтарынан Сүртке (Сыртқы) өзенінің салалары бастау алады.
Геологиялық құрылымы Девон, тас көмір жүйелерінің жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында қараған аралас сұлыбас, боз, селеу, т.б. өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы таулары