Қоянды – Сасықкөл көлінің солтүстік-батысындағы аласа тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Абай ауданы Шахтинск қаласының батысында 16 км жерде орналасқан. Шерубайнұра өзенінің аңғарында жатыр.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 725 м. Солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай 5 км-ге созылған, енді жері 1,5-2 км. Беткейлері көлбеу бірнеше шоқылардан тұрады. Оңтүстік тау етегінде қорымтастың мол үйінділері шоғырланған. Батысында Арғынбай көлі, оңтүстігінде Желмая тауы бар.
Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында селеу, бетеге, жусан, қызғылт боз, қараған, тобылғы, т.б. өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Абай ауданы (Қарағанды облысы) таулары