Ерлан Әлімжанұлы Байдәулет (7 тамыз 1970 жыл, Алматы облысы) – қазақстандық қаржыгер.

Өмірбаяны 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін бітірді (Тарих және саяси экономика). 1992-1993 жылдары – Қазақстан ғылым академиясының экономикалық институтындағы докторантура. 1993-1994 жылдары – MAPOW Сент-Галлен университетінің аспирантурасы, Швейцария. 1995-1997 жылдары – КИМЭП экономика магистрі.

Жұмыс тәжірибесі:

1993-1994 жылдары – Талғар әкімінің көмекшісі. 1994-2000 жылдары – Жеке компанияларда консалтинг/басқару. 2001-2005 жылдары – Ислам Даму Банкінің Қазақстандағы өкілі. 2005-2006 жылдары – «Инженерлік-технологиялық трансферт орталығы» ААҚ президенті 2006-2010 жылдары – Еуразиялық банк, Астанадағы өкілдіктің басшысы. 2010-2019 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде ИЫҰ министрінің кеңесшісі, міндеттері: «KAZNEX INVEST» ААҚ (2010-2016 жж.) Басқарушы директор, Ислам даму банкімен ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкіл, атқарушы директор, ИДБ-ға мүше 7 мемлекет үшін жауапты (2011-2014 жж.), ИДБ басшысының міндетін атқарушы (Жылдық кездесулердің 39 және 41 сессияларында, ИЫҰ елдеріне өнеркәсіптік тауарларды экспорттау жөніндегі ведомствоаралық агенттік, «КазГеология» АҚ, кеңесші. 2018 жылдың қарашасынан - 2019 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі аға сарапшысы. 2019 жылдың мамырынан - тамызына дейін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Бас директорының міндетін атқарушы.https://www.inform.kz/kz/7-tamyz-tugan-kun-ieleri_a3963370 2019 жылдың қыркүйегінен - 2023 жылдың қазанына дейін – АҚИҰ Бас директоры.https://www.inform.kz/kz/erlan-baydaulet-azyk-tulik-kauipsizdigi-zhonindegi-islam-uyymynyn-bas-direktory-boldy_a3561112

Дереккөздер

Санат:Қазақстан қаржыгерлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері