Бекен Әбдіразақов (1936 жыл Түркістан облысы Арыс қаласы - ақын.

Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. «Лениншіл жас» газетінде «Жетісу» газеттерінде жұмыс істеген «Жұлдыз» журналында жауапты хатшы «Жазушы» баспасының редакторы қызметтерін атқарған.

Бірнеше жыр жинақтарының авторы. Аударма және сын салаларында да еңбек сіңірген.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Шығармалары Тұңғыш өлеңдер жинағы 1963 жылы жарық көрген. Отыз шақты жыр кітабы шыққан. «Сағыныш» (1965) «Күн толқыны» (1965) «Жігіт дәурен», (1967) Таңдамалы (1976) «Жырлайды жүрек» (1993) «Көгілдір кеш» (1993) «Өмір мен көңіл» (1993)

Аударма саласында өзбек, қырғыз, түрікмен әдебиетінің шығармаларынан жасаған тәржімалары мол орын алады. Ол сондай-ақ М.Лермонтов, С.Нова, К.Чуковский өлеңдерін қазақшалаған.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Жетістіктері Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Сыртқы сілтемелер Бекен Әбдіразақов

Дереккөздер

Санат:1936 жылы туғандар Санат:Арыста туғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан журналистері