Ресей Республикасы немесе 1918 конституциясында Ресей Демократиялық Федеративті Республикасы — Еуразиядағы аз уақыт болған, де-юре бұрынғы Ресей империясының территорияларын басқарған мемлекет. Елдің құрылуын 1917 жылдың қыркүйектің 1-інде (Григореан күнтізбесі бойынша қыркүйектің 14-інде) уақытша үкіметті құрғанымен басталады.
Тарихы Бірінші Дүниежүзілік Соғыс әкелген Ресейдегі кризис халықтың наразылығына әкеліп, 1917 жылдың наурызында Ақпан төңкерісі орын алады. Уақытша үкімет жарияланып, сол жылдың қыркүйегінде Ресей Республикасы жарияланады.
Уақытша үкімет — елдің ресми үкіметі болғанымен, аумақтардың басқаруы онымен, Большевиктермен және түрлі жергілікті ұлтшыл үкіметтермен (Алаш автономиясы секілді) бөлінген. Советтер — пролетариаттың саяси ұйымдары болып, көбіне солшыл партиялармен басқарылған. Кеңестіктерде, парламент күштеріне ие болып, мемлекет аппараты әлсіз болған Уақытша үкіметке қарсы шығуға мүмкіндігі болған. Санат:1917 жылы құрылғандар Санат:1918 жылы жойылғандар