Қоржынтүбек – Балқаш көлінің батыс бөлігіндегі мүйіс.

Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қашқантеңіз темір жол стансасының солтүстік-шығысында 32 км жерде орналасқан.

Жер бедері Жағалауы жазық, көлге сұғына енген мүйістің ұзындығы 5,5 км-ге созылған, енді жері 3,5 км шамасында. Солтүстік-батысында Сарышаған шығанағы орналасқан.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Балқаш көлі мүйістері Санат:Жамбыл облысы географиясы