Тынық (басқаша атауы Тихая) — Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысындағы өзен. Журавлиха және Филипповка өзендерінің қосылуынан қалыптасады, бастауы Риддер қаласының аумағында орналасқан. Күркіреуік өзенімен қосылып Үлбі өзенін құрайды.
Риддер қаласының солтүстік шетімен қалалық үйінді мен «Қазмырыш» АҚ өнеркәсіптік түсті металлургия нысандарының арасымен ағады.
Өзен жақын жердегі шахталардың үйінділерінен суға түсетін ауыр металл қосылыстарымен (марганец, мырыш, мыс) қатты ластанған.
1937 жылы өзенде Үлбі су электр станциясы салынды, оның негізінде 1954 жылдан бастап Лениногорск су электр станциялар каскады жұмыс істейді. 1979 жылы болған ірі су тасқынынан және 1985 жылғы басқа да бірқатар апаттардан кейін Үлбі СЭС-і тоқырауға ұшырады, бірақ 2016 жылдан бастап ауқымды қайта құрудан кейін қайтадан жұмысын жалғастыруда.
Дереккөздер
Санат:Шығыс Қазақстан облысы өзендері Санат:Үлбі су алабы