Исақ Әлмұхан Әбдірахманұлы (10.4.1940 жылы туған, Меркі ауданы, Сұрат ауылы) – қоғам қайраткері. Қазақ ұлттық университінің филология факультетін (1964), КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1964 – 1966 жылы Гранитогорск мектеп-интернатында мұғалім, 1966 – 1980 жылы Меркі ауданы партия к-тінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі, аудандық атқару к-ті төрағасының орынбасары, партия к-тінің 2-хатшысы, 1980 – 1985 жылы Красногор ауданы партия к-тінің 1-хатшысы, 1985 – 1986 жылы Луговой (қазіргі Тұрар Рысқұлов) ауданы партия к-тінің 1-хатшысы, 1986 – 1991 жылы Жамбыл облысы партия к-тінің 2-хатшысы, 1991 – 1992 жылы Қазақстан Социалистік партиясының облыстық атқару к-тінің хатшысы, облыстық халық депутаттары Кеңесінің төрағасы, 1994 – 1996 жылы облыс әкімшілігі бастығының 1-орынбасары, 1996 – 1998 жылы облыстық лицензиялау және мемлекеттік сауда инспекциясы Орталығының директоры, аймақтық «Мейірім» қорының атқарушы директоры, 1998 жылдан облыстық телерадио компаниясының төрағасы. Бірнеше медальдармен марапатталған. Тараз Энциклопедиясы Пайдаланған Энциклопедиясы
Сыртқы сілтемелер МАҚСАТПЕН ӨРІЛГЕН ПАРЫЗ
Санат:1940 жылы туғандар Санат:Жамбыл облысында туғандар