Баршатас — Абай облысы Аягөз ауданындағы ауыл, Баршатас ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Аягөз қаласынан батысқа қарай 175 км жерде, Бақанас өзенінің сол жағалауында орналасқан. Жер бедері ұсақ шоқылы жазық. Қоңыр топырақты жамылғысында бетеге, бұта аралас әр түрлі шөптесіндер өседі.

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен 2883 1474 51,1 1403 741 52,81480 733 49,5

Инфрақұрылымы Мәдениет үйі, кинотеатр, аурухана, орта мектеп, т.б. оқу-ағарту, денсаулық сақтау мекемелері бар. Тұрғындары Аягөз қаласымен, басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Тарихы Алғашқыда Баршатас "Жаңа дәуір" колхозы, ал 1932 жылдан 64 жыл бойы бұрынғы Шұбартау ауданының орталығы болып саналып, тек 1997 жылы Шұбартау ауданы таратылып Аягөз ауданына екінші қайтара біріктірілгенде ауылдық округ атанды.

Баршатастан шыққан танымал адамдар

Батырлар: Шақантай батыр

Билер: Жобалай, би Байғотан би.

Шешендер: Бегеш шешен

Осы өңірден шыққан танымал адамдар: Халық жазушысы Мұхтар Мағауин, Қазақстанныӊ халық әртісі Бекен Жылысбаев, композитор Еркеғали Рахмадиев, мемлекеттік сыйлықтыӊ иегері ақын Несіпбек Айтұлы, жазушы Төлеубек Жақыпбайұлы, жазушы Төлеуғали Есімжанов, ақын Төлеуғұл Сүлейменов, ақын Мыңбай Рашев, белгілі журналист Қасым Аманжол, ақын Қалмағамбет Мұхаметқали, ақын Ақберен Елгезек, танымал шығыстанушы-ғалым Дастан Ақаш, айтыскер ақын Ринат Зайытов, әнші Тоқтар Серік, композитор Халықберген Әбілжанов.

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы елді мекендері