thumb|right|200px|Ахмет Баржақсин Ахмет Баржақсин (1894, Атбасар уезі Жезді болысы — 1935, Омбы) — қоғам қайраткері, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, аудармашы.“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Білімі Атбасар қаласындағы 2 сыныпты орыс-қазақ мектебі Омбы мұғалімдер семинариясы (1918) Омбы ауыл шаруашылығы интернаты (1922) Мәскеу әдебиет институты (1926)
Өмірбаяны «Бірлік» мәдени-ағарту ұйымын құруға атсалысқан. 1920 жылы Ақмола уездік ревкомы қазақ бөлімінің төрағасы 1921 жылы Ақмола губерниясының атқару комитетінің төрағасы 1923—24 жылы Қазақ тұтынушылар одағының төрағасы 1925 жылы ОАК жанындағы Ұлт бюросының нұсқаушысы Орталық тұтынушылар қоғамы одағының (Центросоюз) Берлиндегі өкілі 1928 жылы Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы банкінің меңгерушісі болды. 1928 жылы желтоқсанда большевиктер партиясы қатарынан өз еркімен шықты. 1929 жылы сәуірде «партия беделін төкті», «троцкийшіл» деген айыппен қамауға алынып, Батыс Сібірге жер аударылды. 1933 жылы жазасын өтеп келіп, Омбы ауыл шаруашылығы институтына оқытушы болып жұмысқа орналасты. 1934 жылы 15 наурызда ОГПУ үштігі РКФСР қылмыстық кодексінің 58-бабының 10-, 11-тармағына «сәйкес» Баржақсинді екінші рет Батыс Сібірге 5 жылға жер аударады. 1935 жылы ОГПУ үштігінің үкімімен атылды. Шығармалары Әлеуметтік төңкерістер заманында өмір сүрген Баржақсин өзінің қысқа ғұмырында артына мол әдеби, ғылыми мұра қалдырды. Ол қазақтың 1710 мақал-мәтелін жинап, 1915 жылы тұңғыш рет «Мың бір мақал» кітабын қазақ, орыс тілдерінде шығарды. Оқу-ағарту мәселесі, әйел теңдігі жайлы мақалалары мен әңгімелері «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа», «Үш Жүз» газеттерінде, «Айқап» журналында басылды. Л.Н. Толстойдың әңгімелерін аударып, «Айқап» журналында жариялады. «Ертерек білсең жасырма» атты мақаласы Орыс географиялық қоғамының «Жазбаларында» (1916 жылы, 28-тамызда) жарияланды. 1927 жылы «Елге шаруа кооперативі мен тұтыну кооперативінің қайсысы қолайлы?» «Тұтыну дүкенінің ісін қалай жүргізу керек?» деген кітапшалары жарық көрді. 1937 жылы Баспахана мен әдебиет ісі жөніндегі Бас басқармасы Баржақсиннің «Мың бір мақал» деген кітабын халыққа зиянды кітаптар қатарына қосып, пайдаланудан шығарды. Баржақсин мұралары әлі толық зерттелмеген.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:1894 жылы туғандар Санат:Ұлытау ауданында туғандар Санат:1935 жылы қайтыс болғандар Санат:Омбыда қайтыс болғандар Санат:Қазақ фольклоршылары Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:Қазақстан аудармашылары Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:КСРО-да бұйрықпен атылғандар