Сарықұл – Қалба жотасының оңтүстік-шығысында, Үлкенлаба тауының шығысында 20 км жердегі тау.

Географиялық орны Абай облысы Ақсуат ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 702 м. Негізгі тау сілемдерінен оқшау жатыр. Ұзындығы мен ені шамамен 3 км-дей. Беткейі көлбеу. Сай-жыралармен тілімденген солтүстік-шығыс етегінде қорымтас шоғырлары кездеседі.

Өсімдігі Беткейі мен етегіндегі сұрғылт қоңыр, сұр топырағында құрғақ далаға тəн астық тұқымдас шөптесіндер өскен.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Ақсуат ауданы таулары