Куки (Үндістанда - куки, Мьянмада - чин) — Үндістанның солтүстік-шығыс штаттарында, Мьянманың солтүстік-батыс аймақтарында және Бангладештің таулы аймақтарында тұратын туысқан халықтар тобы. Жалпы саны 2,7 миллионнан астам адам.
Этнонимі «Куки» сөзінің шығу тегі белгісіз, бұл экзоним: бастапқыда қазір Куки деп аталатын тайпалардың өзіндік атауы емес. Отаршыл британдық жазушы Адам Скотт Ридтің айтуы бойынша, Куки сөзі туралы ең алғашқы деректер британдық жазбаларда 1777 жылға жатады. Ежелгі санскриттік аңызға айналған әдебиеттерде Кукилер сияқты тайпалармен ұқсас болған Кирата халқы туралы айтылады. К.А.Соппиттің айтуынша, «Ескі Кукилер» 11 ғасырдың басында, ал «Жаңа Кукилер» 19 ғасырдың бірінші жартысында Манипурға қоныс аударған. «Куки» сөзі ассам немесе бенгал тегі болса керек және «Чин» - «таулық» деген мағынаны білдіреді.
Таралуы Кукилер Үндістан, Бангладеш және Мьянмадағы бірнеше таулық тайпаларды құрайды. Дзо (Мизо) халқы Мьянманың Чин штатында Чин, Мизорам штатында Мизо деген атпен белгілі. Үндістанның Манипур штатындағы кукилер сияқты, Үндістанның солтүстік-шығыс штаттарында, Мьянманың солтүстік-батысында және Бангладештің Читтагонг тауларында таралған бірқатар туысқан тибет-бирман тайпалық халықтары бар. Солтүстік-Шығыс Үндістанда олар Аруначал-Прадештен басқа барлық штаттарда кездеседі. Бұл халықаралық шекаралар арқылы таралуы Үндістанды оккупациялау кезінде британдықтардың жазалау әрекеттеріне байланысты.
Тілі Олар қытай-тибет отбасының тибет-бирма тобының тілдерінде сөйлейді.
Діні Олар дәстүрлі нанымдарды ұстанады, сонымен бірге индуистар, христиандар, сүнниттік мұсылмандар бар. нобай|оңға|200px|Зо халқының өкілі Кәсібі Дәстүрлі кәсібі – қолмен жұмыс атқарылатын егіншілік (күріш, жүгері, көкөністер), Куканың бір бөлігі тау етегіндегі су тасқыны алқаптарын өңдейді. Қолөнердің ішінде иіру және тоқымашылық дамыған.
Өмір салты Қоғамдық жерге иелік ету, қауымдастықты басқару демократиялық негізде сақталған. Туыстық есеп патрилинейлік, олардың ішінде үлкен және кіші тармақтар ерекшеленеді. Куки отбасына ата-анасы, кәмелетке толмаған балалары және мұрагер ұлдың отбасы кіреді. Қалыңдық үшін жұмыс жасау дәстүрі болған.
Дәстүрлі баспаналары Ертеректе егістік жер ауыстырғанда ауылдары жиі көшірілетін. Үілері жерде немесе қадаларда орналасқан сабан төбелері бар бамбуктан немесе тақтайдан жасалған үйлер.
Дәстүрлі киімдері Дәстүрлі киімдері - әйелдерде, матаның кең бөлігімен байланған тігілмеген белдемше және ақ блузка. Ерлерде -көйлек, дхоти, жеңсіз жилет және сәлде.
Дәстүрлі тағамдары Тағамдарының негізі - күріш, жүгері, тары, бұршақ, тапиока, тәтті картоп, асқабақ, апельсиндер, лимондар және басқа цитрустық жемістер, манголар және банандар. Сонымен қатар сиыр еті, шошқа еті, құс еті, қырыққабат, асқабақ, қияр, қауын және ямс, бал, балық, әсіресе кептірілген балық. Күріштен жасалған шарап ішеді. Көптеген адамдар буйвол етін тұтынбайды, бірақ оған ешқандай тыйым салынбаған.
Сілтеме
Дереккөздер
Санат:Үндістан этникалық топтары Санат:Мьянма халықтары Санат:Бангладеш халықтары