2022 жылдың 12 наурыз күні Түрікменстанда кезектен тыс президент сайлауы өткізілді. Сайлау президент Құрбанқұлы Бердімұхамедовтің отставкасымен байланысты жүргізілген.
Сайлау үміктерлерінің қатарында Бердімұхамедовтың ұлы Сердар Бердімұхамедов болған. Ол жалпы даусы санының 72.97% жинап, президент болып сайланып, әкесінің ізбасары болды.
Сайлау халықаралық бақылаушылармен еркін және әділ сайлау болып танылмайды.
Жүргізілуі Ресми деректер бойынша сайлау күні елде 3,460,080 сайлаушы бар.
Сайлауды ресми деректер бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі Мемлекеттерінің Ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Ислам ынтымақтастық ұйымының өкілдері бақылады. Сайлау күні, жоспарланғандай, 12 маусым күні өтті.
Үміткерлер Сайлауға 9 үміткер қатысты. Үміктерлер ішінде ірі мемлекеттік қызметте болған үміткердің екеуі ғана бар: ізашар президенттің ұлы Сердар Бердімұхамедов және бұрынғы Мәжіліс депутаты Мақсат Өдешов. Қалған үміткерлер дәрігерлер, әкімдік қызметкерлері немесе педагогтар.
Аты-жөні, жасы және партиясыСоңғы лауазымыТіркелуіҚосымша ақпаратСердар Бердімұхамедов(40)Демократиялық партияТүрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары (2021 бері)14 ақпан 2022Түрікменстан Демократиялық партиясының жиналысы Бердімұхамедовты үміткер болып 14 ақпан күні таңдады.Ағажан Бекмұратов(47)Аграрлық партияМары уәлаяты әкімінің орынбасары (2017 бері)16 ақпан 2022Түрікменстан Аграрлық партиясының жиналысы Бекмұратовтың үміткерлігін 16 ақпан күні ұсындыПархат Бегенджов(40)Демократиялық партияЛебап уәлаяты қаржы-экономикалық орта кәсіптік мектебінің директоры (2014 бері)20 ақпан 2022Лебап уәлаятының бастамашыл тобы ұсынғанБердімәммет Құрбанов(41)ПартиясызТүрікменстан Денсаулық сақтау және медицина өнеркәсібі министрлігінің «Аваза» санаторийінің бас дәрігері (2019 бері)20 ақпан 2022Балқан уәлаятының бастамашыл тобы ұсынғанБабамұрат Мередов(41)Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер партиясы«Wepaly gurluşyk» шаруашылық қоғамының директоры (2012 бері)21 ақпан 2022Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер партиясы 2022 жылдың 21 ақпанында Бабамұрат Мередовті үміткер ретінде ұсындыМақсатмұрат Өвезгелдиев(44)ПартиясызАхал уәлаяты Бабадайхан атырабы гигиена және аурулардың таралуының алдын алу бөлімінің бастығы (2018 бері)21 ақпан 2022Ахал уәлаятының бастамашыл тобы ұсынғанӘкекелді Сарыев(43)ПартиясызТүрікменстан Мемлекеттік энергетика институтының «Жаңартылатын энергия ресурстары» ғылыми-өндірістік орталығының директоры (2019 бері)21 ақпан 2022Мары уәлаятының бастамашыл тобы ұсынғанМақсат Өдешов(43)Демократиялық партияТүрікменстан Демократиялық партиясы Сапармұрат Түрікменбашы аудандық комитетінің төрағасы (2012 бері)Түрікменстан Мәжілісі V-шақырылымының депутаты22 ақпан 2022Дашоғыз уәлаятының бастамашыл тобы ұсынғанҚыдыр Нұннаев(45)ПартиясызТүрікмен мемлекеттік дене шынықтыру және спорт институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры (2014 бері)22 ақпан 2022Ашхабадтың бастамашыл тобы ұсынған
Сын Түрікменстандағы сайлаудың барлығы, соның ішінде 2022 жылғы сайлау да, халықаралық бақылаушылармен демократиялық емес болып танылады.
Азаттық радиосы сияқты оппозициялық және шетелдік дереккөздер Бердімұхамедовтар билігін «династиялық» деп сынап, басшыларды автократтық деп те атайды.
Нәтижесі Сайлау күні ресми деректер бойынша сайлаушылардың жалпы 97.17% дауыс берді. Сайлау нәтижесінде, ресми дерек бойынша, Сердар Бердімұхамедов жалпы 2,452,705 дауыс жинап (72.97%) жеңіске жетіп, елдің президенті болып сайланды. Үміткер аты-жөніПартиясыДауыс саны%Сердар БердімұхамедовТүрікменстан Демократиялық партиясы2,452,70572.97Қыдыр НұннаевПартиясыз372,52511.08Ағажан БекмұратовТүрікменстан Аграрлық партиясы242,6857.22Бердімәммет ҚұрбановПартиясыз74,6902.22Пархат БегенджовТүрікменстан Демократиялық партиясы67,7702.02Мақсатмұрат ӨвезгелдиевПартиясыз38,8811.16Мақсат ӨдешовТүрікменстан Демократиялық партиясы38,8011.15Әкекелді СарыевПартиясыз36,5681.09Бабамұрат МередовӨнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер партиясы36,4121.08Жалпы3,361,037100.00Жарамды дауыс саны3,361,03799.97Жарамсыз дауыс саны1,0150.03Жалпы дауыс саны3,362,052100.00Тіркелген сайлаушылар3,460,08097.17
Сердар Бердімұхаммедов 2022 жылы 19 наурызда ант беріп, президенттігінің тұңғыш мерзімін бастады.
Дереккөздер
Санат:Түрікменстандағы президент сайлаулары