Куриа (кулиа, булиа, тенде) — Танзанияның солтүстігінде және Кенияның оңтүстігінде тұратын халық.Куриа https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1537521 Жалпы саны 604 мың адамды құрайды. Банту этникалық тобына кіреді.Куриа https://artsandculture.google.com/entity/%D0%BA%D1%83%D1%80%D0%B8%D0%B0/m0gdrg9?hl=ru

Тілі Тілі - игикуриа тілі.Современная энциклопедия КУРИА https://rus-modern-enc.slovaronline.com/5849-%D0%9A%D0%A3%D0%A0%D0%98%D0%90

Діні Сенушілердің діни байланысы: католиктер, христиан-африкалық шіркеуінің кейбір жақтаушылары.Значение слова КУРИА в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1841038.html

Тарихы XV—XVI ғасырлардағы куриалардың ата-бабалары луолардың, кейінірек масаи қысымынан кейін Орталық Африкадан Виктория көлінің жағасына келді. Олар солтүстік (қазіргі Лухья) және оңтүстік (қазіргі гусии мен куриа) болып бөлінді.

Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (сорго, астық дақылдары – жержаңғақ және мақта), мал шаруашылығы (қой, ешкі), Виктория көлінің жағасында балық аулау. Қолөнерден - ағаштан, балшықтан немесе соғылған темірден маскалар, мүсіндер және т.б. жасау дамыған.Народы и культуры Куриа https://travel-journal.ru/ethno/38/841/

Өмір салты Отбасы үлкен патриархалды, жыныстық және жас таптарының жүйесі дамыған.

Елді мекендері жинақы орналасқан. Тұрғын үйлері дөңгелек, қабырғалары тоқылған, балшықпен сыланған және конустық төбесі шөппен немесе пальма жапырақтарымен жабылған, тұрғын бөлікке, асханаға және жас мал төлдеріне арналған бөлмеге бөлінген.

Киімдері - Еуропалық үлгідегі ерлер киімі, әйелдер ашық түсті көйлек киеді.

Дәстүрлі тағамдары – жармалар мен бұқтырылған тағамдар, ащы көкөніс дәмдеуіштері бар жүгері бәліштері, қуырылған жүгері мен жержаңғақ, банан, балық.народы мира / Куриа http://www.etnolog.ru/people.php?id=KURI

Дереккөздер

Санат:Танзания халықтары Санат:Кения халықтары