Тәжікстан Социалистік партиясы () — Тәжікстандағы социалистік, ресми тіркелген саяси партия. Негізі 1996 жылы қаланған бұл партияның тұңғыш төрағасы Сафарәли Кенжаев болды. Кенжаев 1999 жылы Душанбеде өлтірілді. Өлтірілгенге дейін ол президенттікке үміткер болуы мүмкін деген қауесет тараған.
Тарихы Алғышарттары 1991 жылы оппозиция Тамыз бүлігінде ТЖМК-ны қолдаған президент Қаһһор Маһкамовтың отставкасы және Компартияның биліктен қуылуына қол жеткізді. Сол жылдың қыркүйегінде Компартия өз атауын Социалистік партияға ауыстырды, алайда 1992 жылы жаңа, КОКП-ға қатысы жоқ Коммунистік партияның тіркелуінен кейін Социалистік партия өз «өмірін» аяқтады.
Құрылуы, Кенжаев басшылығы (1996–1999) 1996 жылы 15 маусымда Хожант қаласында Тәжікстан социалистерінің съезінде Тәжікстан социалистік партиясын құру туралы шешім қабылданды. Партияны Тәжікстан парламентінің бұрынғы спикері, Халық майданының негізін қалаушылардың бірі, бұрынғы прокурор Сафарәли Кенжаев басқарды. Сол жылдың 6 тамызында партия ресми түрде тіркелді. Журналис Марат Мамадшоев сөзінше партияның құру себебі Кенжаевтың билікке келу мақсаты болған.
1999 жылдың наурызында, сайлауға 8 ай жетпей қалған уақытта Кенжаев белгісіз себеппен Душанбеде өлтірілді.
Нәзриев басшылығы және партияның бөлінісі (2000–2004) 2000 жылы партия басшысы болып физика мұғалімі Мирхусейн Нәзриев сайланды. 2004 жылы партия екі бөлікке бөлінді: президент Эмомали Рахмонды қолдайтын, білім беру министрлігінің жұмысшысы Әбдуһалим Ғаффорзода басшылығындағы бөлігі және оппозициялық, Нәзриев басшылығындағы бөлігі, фракцияның екеуі де Социалистік партия атауына ие болғанын қалаған. Алайда Әділет министрлігі бұл атаумен про-үкіметтік Ғаффорзода партиясын тіркеді.
Нәзриев әлі де өзін Социалистік партия төрағасы болып санайды, алайда оның партиясы де-факто жоқ болды.
Ғаффоров басшылығы, «жалған оппозиция» (2004–) Әбдуһалим Ғаффоров партияны сақтап қана қоймай, парламенттік партияға айналдырды деп есептейді.
Социалистік партияның XXI-съезінде дауыс беру бойынша партия төрағасы Ғаффоров 2020 жылғы президент сайлауына үміткер болып таңдалды.
Ғаффоров өзінің сайлауалды бағдарламасының негізі Тәжікстанның жалпы өмір сүру деңгейін жақсарту, терроризммен күрес және мемлекеттік шекараны қорғау болып табылатынын айтты. Сонымен қатар, ол білім саласын дамыту, зейнеткерлердің өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ адам саудасымен күресу қажеттігін айтты.
Партия 2020 жылғы парламент сайлауына да өзге 6 партиямен қатар қатысты.
Ғаффоров сөзінше партияның 21 мыңнан астам мүшесі бар, алайда бұл санға эксперттер күмән келтіреді.
Сын Жалған оппозициялығы Оппозиция мүшелерінің ойынша Ғаффоров басшылығы тұсында партия жалған оппозицияға айналып кеткен, «сайлау алдында ғана оянып, қалған уақытта биліктегі элитамен келісе береді». Партия басшылығы бұл тұжырыммен келіспейді.
Сайлаулардағы нәтижелері Парламент сайлаулары Сайлауы Мандаты Позициясы 2005 Сайланбады 2010 Сайланбады 2015 2020
Президент сайлаулары Сайлауы Үміткері Дауыс саны % Нәтижесі 2006 85,295 2.8 Сайланбады 2013 54,148 1.5 Сайланбады 2020 63,082 1.49 Сайланбады
Қосымша ақпарат
Дереккөздер
Санат:Тәжікстан саяси партиялары Санат:Социалистік партиялар