Сандаве (васандаве) — Танзанияның орталық аймақтарындағы (Кондоа ауданы) халық. Саны 70 мың адам.Энциклопедия «Народы и религии мира» https://peoples_religion.academic.ru/69/%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D0%B2%D0%B5
Тілі Тілі - сандаве тілі. Суахили және басқа банту тілдері де таралған.Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/3531740
Діні Дінге сенушілердің діни көзқарастары: дәстүрлі нанымдар, кейбіреулері протестанттар.Значение слова САНДАВЕ в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1845108.html
Кәсібі Шаруашылықтың дәстүрлі түрі бойынша – аңшылар мен терушілер. 20 ғасырдың басынан белгілі бір топтар арасында қолмен атқарылатырн егіншілік, ұсақ мал (ешкі), тауық өсірілді.Народы и культуры Сандаве https://travel-journal.ru/ethno/45/1215/
Өмір салты Дәстүрлі әлеуметтік ұйымның негізі бірнеше шағын отбасылардан тұратын шағын топтар болып табылады. Сандавелердің едәуір бөлігі көршілес Ньятуру (батыс сандаве) және гого (оңтүстік сандаве) мәдениетінің элементтерін қабылдады.
Сандавелер ән айтуды, би билеуді, музыка шығаруды және сыра ішуді ұнататын көпшіл халық және оларда әндердің үлкен қоры бар. Барлық рәсімдер мен әдет-ғұрыптары бір-бірінен ерекшеленді, мысалы, егін жинау және құда түсу рәсімдері, сүндеттелу тойлары.
Олар өздерінің уақытша үйшіктерін су көздерінен алыс жерде тұрғызды, содан кейін айналадағы аймаққа аң аулауға шықты.народы мира / Сандаве http://www.etnolog.ru/people.php?id=SAND
Дереккөздер
Санат:Танзания халықтары