Қазақстанның Оңтүстік Африкадағы Елшілігі — Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы дипломатиялық миссиясы.
Дипломатия
Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африкадағы Елшілігі 2013 жылғы желтоқсан айынан бастап жұмыс істей бастады.
Қазақстан Республикасының ОАР-дағы тұңғыш Төтенше және Өкілетті Елшісі қазақстандық мемлекеттік қайраткер, дипломат Талғат Ғабдуллаұлы Қалиев болды, бұл жоғары лауазымдағы қызметті ол 2014-2019 жж. атқарған.
2019 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африкадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде Қанат Қобыландыұлы Тумыш болып тағайындалды. Ол 2019 жылғы 15 қазанда өзінің сенім грамоталарын ОАР Президенті С.Рамапозаға тапсырды.
2023 жылғы 11 қаңтарда Еркін Қадырбекұлы Ахинжанов Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
Байланыс Телефон/Факс +27 12 460 0086Электрондық пошта[email protected]
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері