Тохолабалдар ("тохол абал" — "шынайы сөз", (чаньябаль, чановаль, чанеабаль, хокалабаль, комитэко, тохол виникотик)) — Мексикада тұратын майя құрамына кіретін үндіс халықтарының бірі.

Тілі Негізгі тіл – тохолабал, сонымен қатар испан тілі қолданылады.

Діні Дінге сенушілердің діни байланысы: католиктер.

Кәсібі Негізгі кәсібі қолмен атқарылатвын егіншілікпен айналысады (жүгері, бұршақ, асқабақ, XIX ғасырдан бастап кәсіптік дақылдар – кофе және қант қамысы), шошқа, құс, кей жерлерде қой, ауқатты отбасында – сиыр, жылқы өсіреді. Аңшылық, балық аулау және терушілік, қолөнер (тоқымашылық, кейбір елді мекендер қыш және тоқымашылыққа мамандандырылған) сақталған.

Маусымдық жалдамалы жұмыс кең таралған (кофе плантацияларында және т.б.).

Тұрмыс салты Отбасы үлкен, моногамды немесе шағын, неке патри- немесе неолокалдық (кейбір қауымдастықтарда уақытша матрилокалдылық сақталған), туыстық есеп аталық болып табылады, локализацияланған патрилиндік топтар бар.

Әйелдер киімі — матадан (көбінесе қызыл) тізеге (қыздарға) дейін тігілген белдемшелер, етегі бойымен шілтер мен ленталармен кестеленген, жартылай шеңберлі мойын сызығы бойымен кең өрілген ақ блузка киеді.

Тағамдары жалпы майялар типіне жатады, сүт тұтынылмайды.

Дереккөздер

Санат:Солтүстік Америка үндістері Санат:Мексика этникалық топтары