Жан-Пьер Мельви́ль (, туған кездегі есімі — Жан-Пьер Грюмбах ; 20 қазан, 1917, Париж — 2 тамыз, 1973, Париж, Франция) — франциялық кинорежиссёр, сценарийші және актер. Франциялық жаңа толқынның рухани әкесі болып саналған ол коммерциялық және сыни жетістіктерге жеткен алғашқы тәуелсіз франциялық кинорежиссерлерінің бірі болды. Оның нуар фильмдеріне және одан кейінгі нео-нуар фильмдеріне сараң, экзистенциалистік, бірақ стильді көзқарасы кинематографистердің болашақ ұрпақтарына үлкен әсер етті.