Parmalat SpA — сүт және басқа да азық-түлік өнімдерін өндіретін италиялық корпорация. Штаб-пәтері Коллеккьо қаласында орналасқан.Parmalat — Contacts // parmalat.com

Компанияның дүниежүзінде 140-қа жуық зауыты бар.

Тарихы Компания 1961 жылы 22 жастағы колледж түлегі Калисто Танци (1938–2022) Парма қаласында сүтті пастерлеу бойынша шағын компания ашқан кезде құрылды.

Атауы Компанияның атауы екі италиялық сөзден тұрады: Parma (Италияның Эмилия-Романья аймағындағы қала, компания құрылған жер) және latte (италиян тілінен аударғанда сүт дегенді білдіреді).Пармалат. Миссия и история.

Банкроттық Компания төңірегіндегі жанжал 2003 жылы басқарма төрағасы лауазымына Энрико Бонди келген кезде өршіді, ол қаржылық құжаттамаларды тексеріп, компания ұзақ уақыт бойы (10 жылдан астам) шығындарды жасырып, пайда көрсеткіштерін жоғарылатқаны анықтады.Вынесены первые приговоры по делу о банкротстве Parmalat www.lenta.ru; Компания биржаларда заңсыз айла-шарғы жасағаны үшін ұсталды.В Милане начинается судебное разбирательство по делу Parmalat www.yarmarka.net Осыдан кейін компания ұзақ қайта құру процесін бастан өткерді.

Кейінірек, 2010 жылдың желтоқсанында компанияны әдейі банкротқа ұшыратуға әкелген бұрынғы бас директор және Parmalat негізін қалаушы Калисто Танци 18 жылға, ал бұрынғы қаржы директоры 14 жылға сотталды.Алексей Алексеев. Молочный срок // Ведомости, 14.12.2010, № 236 (2754) Бұған дейін, 2008 жылы Танци бағалы қағаздар нарығында алаяқтық жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді.Основателю Parmalat добавили 18 лет тюрьмы // lenta.ru

2011 жылы Parmalat акциясының 29% ие болған франциялық Lactalis компаниясы Parmalat бақылау пакетін сатып алу арқылы компанияның 83,3% акциясын өз қолында шоғырландырды. Транзакцияның болжамды сомасы 3,4 миллиард еуроны құрады.

Елдер бойынша өндірілуі нобай|ортаға|754x754px|Parmalat әлем бойынша: көк түсте тікелей, ал жасыл түспен лицензия арқылы өндіретін елдер

Тікелей өндіретін

Аустралия Боливия Ботсвана Канада Колумбия Куба Эквадор Эсватини Гонконг Италия Мексика Мозамбик Жаңа Зеландия Парагвай Перу Португалия Румыния Ресей Оңтүстік Африка Венесуэла Замбия

Лицензия арқылы

Аргентина Бразилия Чили Қытай Коста-Рика Доминикан Республикасы Сальвадор Гватемала Гаити Гондурас Мажарстан Мексика Никарагуа АҚШ Уругвай

Дереккөздер

Санат:Италия компаниялары Санат:Lactalis