Шыңғыс Талғатұлы Әбдібек – қазақстандық кинорежиссер, кинематограф және актер.
Балалық шағы және білімі 1990 жылы 12 маусымда Жамбыл облысында туған. 2006 жылы Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжіне «Кино және драма актері» бөліміне оқуға түсті. Оқу ордасының қабырғасында актерлік шеберлікпен қатар, сахна тілі, хореография, тележүргізушілік секілді бағыттар бойынша сабақ алды. Кейін, 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына «Кино және телевидение режиссурасы» атты мамандыққа оқуға түсіп, 2014 жылы тәмамдады.
Өнер жолы Жүргізуші
Өнер жолын 2008 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Айгөлек» бағдарламасынан басталды. Тележүргізуші ретінде көпшіліктің көзайымына айналып, балалармен тіл табысу және камера алдында жұмыс істеу машығын меңгерді. 2010 жылы "Балапан" арнасындағы "Шеберхана" деген бағдарламаны жүргізді. Қазіргі таңда YouTube бейнехостингінде «Ғибратнамаhttps://www.youtube.com/@shyngysabdibek3428» атты авторлық арнасын жүргізеді.
Актер Шыңғыс актер ретінде «Тарзаман» тарихи кинокартинасы арқылы көпшілікке танылды. Елімізде кинотеатрларда көрсетілімге шыққан бұл картинада Қазихан рөлін сомдады. Бұл алғаш болып, қызылдар қатарына өтіп кеткен сатқын рөлі көрермендер мен сыншылар арасында жоғары бағаға ие болды. Сондай-ақ, қазақстандық республикалық телеарналарда көрсетілген «Тасөткел», «Қаламгер», «Бекзат», «Сарай сыры» секілді тарихи фильмдерде әр түрлі рөлдерде ойнады.
Режиссер Ал, режиссерлік кәсіби мансабын «Балапан» телеарнасына «Күлегеш», «Еуразия» арнасына «Ұшқалақhttps://www.zakon.kz/redaktsiia-zakonkz/4893494-pervyy-kanal-evraziya-ispolnil-mechtu.html» секілді балаларға күлдіргі кинофильмдерді түсіруден бастады. Бұл жұмыстар балалар арасында аса танымал болды. Оған YouTube хостингіндегі милиондаған қаралым дәлел. Сонымен бірге, отандық телеарналарға қоюшы режиссер ретінде «Мектеп», «Алпыстан асып барамын» атты 30 бөлімнен тұратын сериалдар түсірді. Ал, 2022 жылы «Біз» атты драмасымен көрерменді қуантты. нобай|Кезекті клиптің түсірілімінде, 2023 жыл.Кино индустриядағы толықметражды режиссерлік тырнақалды туындысы «Бауыр» атты фильмі 2021 жылы түсіріліп, 2022 жылы республика бойынша кинотеатрларда көрсетілді. Бұл фильмді Шыңғыстың авторлық кинокартинасы деуге болады. Себебі, идеядан бастап, сценарий, түсірілім және кинотеатрға шығаруға дейінгі жұмысты өзі ұйымдастырды. Бұл туынды «бюджетсіз» түсірілген. Адами және отбасы құндылығын насихаттап қана қоймай, жастарға сабақ алуды үйрететін картина ретінде көрерменнің оң бағасын алды. «Бауыр» - криминалды драма жанрындағы толықметражды фильм. Туынды шынайы оқиғаға негізделген. Картинада қиындыққа тап болып, одан шығу жолын іздеген екі жігіттің оқиғасы суреттеледі. Фильмнің желісі бойынша, криминалды әлемге түсіп, маңдай термен емес, оңай жолмен пайда табуды кәсіп еткен жігіт ақыры тұтылып, түрмеге түседі. Алайда, оған кіші бауыры көмектесіп, ағасын көлеңкелі әлемнен алып шығадыhttps://abai.kz/post/150692. Қамшы сайты Бауыр фильмі жайлы “Бюджетсіз фильм”: Алматылық энтузиастер түсірген фильм кинотетрларға шықты деп жаздыhttps://qamshy.kz/article/68970-byuddgetsiz-film-almatylyq-entuziaster-tusirgen-film-kinotetrlargha-shyqty.Кино индустриядағы толықметражды режиссерлік тырнақалды туындысы «Бауыр» атты фильмі 2021 жылы түсіріліп, 2022 жылы республика бойынша кинотеатрларда көрсетілді. Бүгінде “Карточный долгhttps://www.kinopoisk.ru/film/5247365/video/type/0/” деген атаумен бұл фильм Кинопоиск хостингі арқылы Ресей және барша орыстілді әлемге шығарылды.
YouTube-жобалары: 2023 жылдан бастап “Білім-Қазына” қорының қолдауымен “Бабалар ізіменhttps://www.youtube.com/watch?v=CqYhnTm_DcE&list=PLaQFdIiKyvIfIayzksdVeAnDJr2q7y51u” атты көпциклі подкасттар сериясын түсіреді. Түркістан, Шымкент, Өзбекстандағы бабаларымыздан қалған мұраны қайта жаңғыртуға, жаңашыл көзқараспен түсіріп, көрерменге ұсынуда. Өзі автор-жүргізуші ретінде “Ғибратнама” подкастын жүргізеді.
Фильмография +Фильм/сериал/бағдарламажылышығарылған арнақызметіКүлегеш2013Балапан телеарнасықоюшы режиссерҰшқалақ2017Евразия телеарнасықоюшы режиссерМектеп2019Хабар телеарнасықоюшы режиссерАлпыстан асып барамын2021Хабар телеарнасықоюшы режиссерБауыр2021Қазақстан, Ресей кинотеатрларындаавтор, қоюшы режиссерБіз2022Хабар телеарнасықоюшы режиссерОрлик2023Ютуб әлеуметтік желісіавтор, қоюшы режиссерДархан батыр2024"Жібек жолы" телеарнасықоюшы режиссерЖалған жәннәт2025Ютуб әлеуметтік желісіқоюшы режиссер "Жалған жәннәт" қысқаметражды фильмі.
Сириядан оралған отандастардың қиын тағдыры мен жақындарымен қайта қауышу сәті баяндалады. «Жусан» гуманитарлық операциясының аясында елге жеткізілген жандардың өмірі көрсетілген.https://www.youtube.com/watch?v=mi0N7QBlzDI&t=2290s
Актер ретінде түскен телехикаялар +Телехикаяжылыролікөрсетілген арнаӘн аға2018Тұманбай МолдағалиевХабар телеарнасыТасөткел2018АфганецХабар телеарнасыТар Заман2018Қазихан (большевик)Қазақстан телеарнасыҚаламгер2020Тынышбай РахимовХабар телеарнасыСарай сыры2022саудагерҚазақстан телеарнасыБасқа вариянт жоқ2023СәкенҚазақстан кинотеатрлары
Телеарналарда жүргізген бағдарламалары +Бағдарлама атауыжылытелеарнаАйгөлек2008-2009ҚазақстанШеберхана2010БалапанҰлағатты ұрпақ2022Ютуб жоба
БАҚ беттерінде Балаларға арналған фильм түсіріліп жатыр"Жайық үні" Батыс Қазақстан облыстық газеті. 23 (1670) 8 маусым 2023 жыл..
Youtube-та "КҮЛЕГЕШТІ" екі миллионнан аса адам көрді"Ұлан" балалар мен жасөспірімдер газеті. Номері 1, 17 қаңтар 2017 жыл..
Қазіргі қоғамды қаз-қалпында көрсеткім келді"Шу өңірі" Шу аудандық газеті. 4 желтоқсан 2021 жыл..
Киноафишалар
Фотогалерея
Басқа да мәліметтер:
Марапаттары 2022 жылы Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін медалінің иегері.
Республикалық Бирма боксының Жамбыл облыстық федерациясының президенті.
Отбасылық жағдайы: Үйленген, үш баласы бар. Сыртқы сілтемелер Алтын тамыр 19.01.2023 Шыңғыс Әбдібек, Жандос Дүйсенбаевhttps://qazradio.fm/astanafm/ru/audios/55183
История о двух братьях, пытающихся найти выход в безвыходной ситуации. Криминальная драма, основанная на реальных событияхhttps://www.inkaragandy.kz/afisha/735/bauyr.
«БАУЫР» ФИЛЬМІ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫhttps://abai.kz/post/150692
«Бауыр»: Түрмеде қарызға кірген бауырын құтқара алды ма?https://www.ktk.kz/kz/news/video/2021/11/25/196931/
Режиссер Шыңғыс Әбдібек: «Бауыр» атты фильм арқылы өзіміздің менталитетімізді көрсеткім келдіhttps://www.youtube.com/watch?v=4TKqA4990u8.
Шыңғыс Әбдібектің «Бауыр» атты фильмінің тұсаукесері өттіhttps://www.youtube.com/watch?v=ysSBQpoQMoQ.
Шыңғыс Әбдібек - актёр режиссёрhttps://www.youtube.com/watch?v=P9BN7z6Ph2I.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан кинорежиссёрлері Санат:Қазақстан актерлері