«Көктем» — Сабыр Мәмбеевтің 1964 жылы салған суреті.
Бұл пейзаждағы ашық және қара дақты түстердің қозғалысы мен статикасы жасыл алқаптың нәзіктігі мен күміс шөптердің фактурасын беріп қана қоймай, дала сұлулығына деген ұстанымды махаббатын кенеп бетіне түсіреді.Клара Исабаева. Сабыр Мәмбеев – ел есінде — «Өнер», 07.08.2017. нобай|1995 жылғы пошта маркасы
Аспанмен тірескен биік таулар, оның етегіндегі бір шоқ ағаштың түбінде әңгімелесіп отырған ер мен әйел...оның бергі жағындағы үш жылқы тұр қаңтарылып, оның біреуі – құлынды бие. Кішкентай құлын енесін еміп, рахатқа батып тұр... Осы көріністің өзі адамды әсерлі сезімге бөлеп, бүгінде алыс қалған ауылыңды сағындырады.Ұлттық болмысты бедерлеген — «Егемен Қазақстан», 19.01.2022.
Картинада адамдар мен табиғаттың тек лирикалық күйі ғана емес, сонымен қатар суретшінің рухани ерекшеліктерін байқататын ой-сезімдері де көрінеді. Түс реңдерінің өзгеруі көк шөптің нәзіктігі мен күмістей тазалығын көз алдымызға әкеледі.Барманқұлова Б. Сабыр Мәмбеев. Каталог. - А: «Ruan», 2013. - 176 б. дәйексөз
Дереккөздер
Санат:Сабыр Мәмбеев суреттері