Грузияның бейнелеу өнері мұражайы ( მუზმუზუმი მუზმუზუმი) — Тбилисидегі (Грузия) Руставели даңғылында орналасқан жеке өнер мұражайыhttp://georgiatoday.ge/news/12459/Georgian-Fine-Arts-Museum-to-Open-to-Public-from-October-2 . Мұражайда «Магтиком» — Грузиядағы ең ірі телекоммуникациялық компанияның негізін қалаушылар Джордж (Джиа) Джохтаберидзе мен Манана Шевардадзе отбасының жеке өнер жинағы ұсынылған.

Тарихы Джордж (Джиа) Джохтаберидзе және оның әйелі Манана Шеварднадзе 1990 жылдары өнер туындыларын жинай бастаған. Табысты кәсіпкерлік қызметтен кейін Джохтаберидзе жеке топтамасы үшін өнер туындыларын сатып ала бастаған. Көп ұзамай ол өзінің топтамасы бүкіл әлемге дұрыс сақтаусыз, қоғамдық көрмелерсіз шашыраңқы тарап кетсе, ол мәңгілікке жоғалып кететінін түсінеді. Өнер туындыларының көп бөлігі Кеңес Одағы кезінде жасалған, сондықтан картиналар әлемде әлі танымал болып үлгермеген еді. Осылайша Джохтаберидзеде грузин өнерін жинау, қалпына келтіру және сақтау идеясы пайда болады.

Бастапқыда мұражайдың жаңа ғимаратының құрылысы жоспарланбаған, топтама жинаушы барлық суреттерді Грузияның мемлекеттік мұражайларына тапсырмақ болған.

Алайда, КСРО-ның ыдырауына және одан кейінгі экономикалық және азаматтық күйзелістерге байланысты мемлекеттік мұражайлар қиын жағдайға тап болды және барлық туындыларды қабылдай алмағанhttps://www.scribd.com/doc/167602354/They-just-trusted-me-George-Jokhtaberidze Scribd.com.

Грузиядағы ең ірі телекоммуникациялық компанияны негізін қалаушы және басқарушы Джохтаберидзе Грузияның бейнелеу өнері мұражайы мен өнер үйіне айналатын ғимараттар кешенін салуға шешім қабылдайды.

Құрылыс 2013 жылы басталды және Грузиядағы өнер көрмелерін өткізу үшін арнайы салынған жалғыз ғимарат болып табылады. Мұражайдың ресми ашылуы 2018 жылдың 26 қыркүйегінде өтті, келушілер үшін 2018 жылдың 2 қазанында ашылды.

Мұражайда соңғы 70 жылда 80-нен астам суретші жасаған 3500-ден астам өнер туындылары, соның ішінде Сергей Параджановның картиналары барhttp://finearts.ge/en/museum Finearts.ge.

Дереккөздер

Санат:Тбилиси мұражайлары