нобай|Google логотипі Google іздеу (сонымен қатар Google Search немесе Google.com) — Google басқаратын іздеу жүйесі. Ол пайдаланушыларға интернеттен кілт сөздер мен тіркестер көмегімен ақпарат іздеуге мүмкіндік береді. Google Search іздеу сәйкестігіне қарай веб-сайттарды талдау және рейтинг құрау үшін алгоритмдерді пайдаланады. Ол — әлемдегі ең танымал іздеу жүйесі.
2020 жылғы жағдай бойынша “Google Search” ғаламдық іздеу жүйесі нарығының 92% үлесіне ие. 2012 жылға қарай ол күніне 3,5 миллиардтан астам іздеуді өңдеді. Google іздеу — дүние жүзі бойынша қолданушылар ең көп кіретін веб-сайт. «Similarweb» ұсынған деректерге сәйкес Google ай сайынғы жаһандық трафиктің шамамен 26,75%-ы АҚШ-тан, 4,44%-ы Үндістаннан, 4,4%-ы Бразилиядан, 3,92%-ы Ұлыбританиядан және 3,84%-ы Жапониядан келеді.
Іздеу терминдерінің жиілігін талдау экономикалық, әлеуметтік және денсаулық тенденцияларын көрсетуі мүмкін. Google-де іздеу терминдерін пайдалану жиілігі туралы деректерді Google Trends арқылы ашық сұрауға болады. 2016 жылдың ортасынан бастап Google іздеу жүйесі терең нейрондық желілерге сүйене бастады.
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша сайттар Санат:Google Санат:Іздеу жүйелері Санат:АҚШ сайттары Санат:1997 жылы пайда болған сайттар