Дмитрий Михайлович Малахов (27 тамыз 1974 жыл, Көкшетау) — қазақстандық саясаткер, заңгер, 2024 жылдан бері қызметтегі Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет генерал-майоры (2022).
Білімі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары мектебін (1991-1995), Т.Рысқұлов атындағы Экономика және қаржы университетін (2003-2005) бітірген. Мамандығы «Заңгер – құқықтанушы, экономист».
Еңбек жолы Ішкі істер органдарында, қаржы полициясында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте және экономикалық тергеу қызметінде жұмыс істеген.
2004-2019 жылдары Ішкі істер министрлігі, Қаржы полициясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы облыстық және орталық аппараты басқармалары басшысының орынбасары болды.
2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті Операция басқармасының басшысы болды.
2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болды.
2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болды.
2023 жылдан бері Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары болды.
2024 жылы 13 ақпанда Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. 2024 жылы 16 қыркүйекте лауазымынан босатылды.Дмитрий Михайлович Малахов лауазымынан босатылды
2024 жылы 19 қыркүйекте Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымына тағайындалды.Д.М. Малаховты тағайындау туралы
Марапаттары және атақтары 2-дәрежелі «Айбын» орденінің және мерейтойлық және ведомстволық наградалардың иесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет генерал-майоры (05.06.2022 ж.).Дмитрий Малахов ҚР ҚМА төрағасы болып тағайындалды
Отбасы Әкесі Михаил Малахов (1946 ж. туған) 1993—1996 жылдары Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағасы болған. Парақорлықпен айыпталып, қылмыстық іс қозғалуы нәтижесінде қызметінен босатылған. 1997 жылы қылмыс құрамының дәлелденбеуіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылған.МАЛАХОВ Михаил Федорович Көкшетау қаласының құрметті азаматы (2023).Экс-председателю Верховного Суда М. Малахову присвоили звание «Почетный гражданин города Кокшетау»
Інісі Владимир Малахов (1977 ж. туған) 2020—2023 жылдары Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеген.Малахов Владимир Михайлович (персональная справка)
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері