1977 жылғы КСРО Конституциясы () — 1977 жылы 7 қазанда тоғызыншы шақырылымының КСРО Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс жетінші сессиясында КСРО Жоғарғы Кеңесі қабылдаған.

Бірінші басылым мемлекеттік құрылымды айтарлықтай өзгертпеді — КОКП, БЛКЖО, БКООК, БАҰ, БТҚОО, КӘК, шығармашылық одақтар, заңды қоғамдық ұйымдармен бірге еңбек ұжымдарын мойындап, оларға кандидаттар ұсынудың ресми құқығы берілді (бұл ретте еңбек ұжымдарының қызметі 1983 жылы қабылданған «Еңбек ұжымдары және олардың кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды басқарудағы рөлін арттыру туралы» Заңда толық сипатталған). Елеулі емес өзгерістерге еңбекшілер депутаттары кеңестерінің атауын халық депутаттары кеңестері деп өзгерту және Жоғарғы Кеңестің өкілеттік мерзімін 5 жылға, халық депутаттары кеңестерінің 2,5 жылға дейін ұлғайту жатады. Бұл конституция бірпартиялық саяси жүйені бекітті (6-бап). Ол тарихқа «дамыған социализмнің конституциясы» деген атпен енді.

Конституцияның 1988 жылғы редакциясында КСРО-да болған мемлекеттік органдар жүйесіне өзгерістер енгізілді: онда халық депутаттарының съезі КСРО Жоғарғы Кеңесінің орнына жоғары билік органы болып жарияланды, оған ұсынылған кандидаттар саны шектелмеуі керек еді; халық депутаттары съездерінің арасында «КСРО Жоғарғы Кеңесі» деп аталатын және екі палатадан – Ұлттар Кеңесі мен Одақ Кеңесінен тұратын тұрақты жұмыс істейтін заң шығарушы және бақылау органы болды, Жоғарғы Кеңес төралқасы Жоғарғы Кеңестің ұйымдастыру органы болды, ал бұрынғы Жоғарғы Кеңес төралқасы өкілеттіктерінің басым бөлігі дәл осындай түзетулермен енгізілген Жоғарғы Кеңестің төрағасы лауазымына берілді. Дәл осындай түзетулер КСРО Конституциялық қадағалау комитетін құрды.

Әлеуметтік және экономикалық құрылымдағы өзгерістерді нақты бекіткен ең маңызды түзетулер Конституцияға 1990 жылғы редакцияда енгізілді. КОКП-ның жетекші және бағыттаушы рөлі жайлы ескерту алынып тасталды, жеке меншік заңдастырылды, КСРО Президенті қызметі енгізілді.

Тарихы thumb|left|270px|Жаңа конституцияның қабылдануына арналған пошта блогы. КСРО поштасы, 1977 ж. Жаңа конституцияны әзірлеу сонау 1962 жылы, сол жылдың 25 сәуірінде КСРО Жоғарғы Кеңесі КСРО-ның жаңа Конституциясының жобасын жасау туралы шешім қабылдап, құрамында 97 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрған кезде басталдыЛукьянов А. И. 1977 жылғы КСРО Конституциясын әзірлеу мен қабылдауға байланысты оқиғалардың хронологиялық тізімі . Конституциялық комиссияның төрағасы болып Н.С.Хрущев тағайындалды.

1962 жылы 15 маусымда Конституциялық комиссияның отырысында жаңа Конституцияның жобасын дайындаудың негізгі міндеттері талқыланып, 9 кіші комиссия құрылды.

1964 жылы тамызда Конституциялық комиссия КСРО Конституциясының жобасын және оған түсіндірме хатты әзірлеуді аяқтады. Бұл жоба 276 баптан тұрды. Алайда кейінірек күрделі қайта қараудан өтіп, бастапқы түрінде бекітілмеді.

1964 жылы 11 желтоқсанда Л.И.Брежнев Конституциялық комиссияның төрағасы болды.

1966 жылы 19 желтоқсанда Жоғарғы Кеңестің қаулысына сәйкес, Конституциялық комиссияның құрамына шығып кеткендердің орнына 33 жаңа депутат кірді.

Конституция жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобын: 1962 жылдан бастап — Л.Ф.Ильичев, 1968 жылдан бастап — А.Н.Яковлев, 1973 жылдан бастап — Б.Н.Пономарев басқарды.

thumb|right|230px|Пошта маркасы 1977 жылы 4-6 қазанда Жоғарғы Кеңес палаталарының мәжілістерінде Конституция жайлы отырыс болды. 7 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі палаталарының қорытынды бірлескен отырысы өтті, онда алдымен бөлімдер бойынша, содан кейін тұтастай Конституция қабылданды. Сол күні КСРО Жоғарғы Кеңесі палаталарда бөлек дауыс беру арқылы КСРО Конституциясын (Негізгі Заңын) қабылдау және жариялау туралы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Декларациясын, КСРО Конституциясы (Негізгі Заңы) қабылданған күнді мемлекеттік мереке деп жариялау және КСРО Конституциясын (Негізгі Заңы) қолданысқа енгізу тәртібі туралы КСРО Заңын қабылдады.

8 қазанда елдің барлық газеттерінде КСРО-ның жаңа Конституциясы жайлы жарияланды.

Конституцияның құрылымы 1977 жылы қабылданған конституция 9 бөлім, 21 тарау, 174 баптан тұрды.

Конституцияның қабылданған кездегі құрылымы (1977 жыл 7 қазан): Кіріспе 1-бөлім. КСРО-ның қоғамдық құрылымы мен саясатының негіздері: 1-тарау. Саяси жүйе 2-тарау. Экономикалық жүйе 3-тарау. Әлеуметтік даму және мәдениет 4-тарау. Сыртқы саясат 5-тарау. Социалистік Отанды қорғау 2-бөлім. Мемлекет және тұлға 6-тарау. КСРО азаматтығы. Азаматтардың теңдігі 7-тарау. КСРО азаматтарының негізгі құқықтары, еркіндіктері мен міндеттері 3-бөлім. КСРО-ның ұлттық-мемлекеттік құрылымы: 8-тарау. КСРО — Одақтық мемлекет 9-тарау. Одақтық Кеңестік Социалистік Республикасы 10-тарау. Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы 11-тарау. Автономиялық облыс және автономиялық округ 4-бөлім. Халық депутаттары Кеңестері және оларды сайлау тәртібі: 12-тарау. Халық депутаттары Кеңестері қызметінің жүйесі мен қағидаттары 13-тарау. Сайлау жүйесі 14-тарау. Халық депутаты 5-бөлім. КСРО мемлекеттік билігі пен басқарудың жоғарғы органдары: 15-тарау. КСРО Жоғарғы Кеңесі 16-тарау. КСРО Министрлер Кеңесі 6-бөлім. Одақтас республикалардағы мемлекеттік билік пен басқару органдарын құрудың негіздері: 17-тарау. Одақтас республиканың мемлекеттiк билiгi мен басқарудың жоғары органдары 18-тарау. Автономиялық республиканың мемлекеттік билігі мен басқарудың жоғары органдары 19-тарау. Мемлекеттік билік пен басқарудың жергілікті органдары 7-бөлім. Әділ сот, төрелік және прокурорлық қадағалау: 20-тарау. Сот және төрелік 21-тарау. Прокуратура 8-бөлім. КСРО елтаңбасы, туы, әнұраны және астанасы 9-бөлім. КСРО Конституциясының күші және оны өзгерту тәртібі

Кіріспе Конституцияның кіріспесінде социалистік Қазан төңкерісінен кейінгі 60 жыл ішінде кеңес қоғамы басып өткен тарихи жолы жалпы бағаланады. Кеңес қоғамына «дамыған социалистік қоғам, коммунизм жолындағы табиғи кезең» ретінде сипаттама берілді. Кіріспеде сондай-ақ Конституцияда бұрынғы Конституциялардың қағидалары сақталғаны, Кеңес үкіметінің терең әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар жүргізілгені және адамның адамды қанауын, таптық қарама-қайшылық пен ұлт араздығын мәңгілікке тоқтатқаны айтылады.

1990 жылы 14 наурызда кіріспеден қоғамдық даму үдерісінде «Коммунистік партияның, бүкіл халықтың авангардының жетекші рөлінің» артқаны туралы ескертпе алынып тасталды, бұл көппартиялық жүйені заңдастырумен және елдің социалистік даму жолынан іс жүзінде бас тартуына байланысты болды.

Саяси жүйе Конституцияның бірінші бөлімі социалистік жүйенің жалпы қағидаларын және дамыған социалистік қоғамның негізгі белгілерін бекітті.

1-бапта КСРО «елдің барлық ұлттары мен халықтардың жұмысшыларының, шаруаларының, зиялылардың, еңбекшілерінің еркі мен мүдделерін білдіретін бүкіл халықтың социалистік мемлекеті» делінген.

6-бапта КСРО саяси жүйесінің өзегі болған КОКП-ның жетекші және бағыттаушы рөлі заңмен бекітілді. Бұрынғы Конституциялардан айтарлықтай айырмашылығы бұл кәсіподақтардың, комсомолдың және басқа да бұқаралық қоғамдық ұйымдардың саяси жүйесінде маңызды рөл заңнамалық тұрғыда бекітілгені болды: 1936 жылғы Конституцияда БК(б)П «еңбекшілердің барлық қоғамдық және мемлекеттік ұйымдарының басқарушы өзегі болды» (126-бап), ал 1924 жылғы Конституцияда бұл жайлы мүлде айтылмады.

Конституцияда басқа партиялардың болу мүмкіндігі туралы ештеңе айтылмады; Конституция азаматтардың «қоғамдық ұйымдарға бірігу» құқығын ғана мойындады (51-бап).

1990 жылы 1977 жылғы Конституцияға елеулі түзетулер қабылданды, атап айтқанда, көппартиялы жүйе енгізілді. Бұл ретте 6-баптың жаңа редакциясында КОКП-ға сілтеме сақталды, бұл қалыптасқан саяси жүйені үстем партия бар жүйе ретінде сипаттауға мүмкіндік береді.

Экономикалық жүйе 2-тарау, 10-бапта КСРО-ның экономикалық жүйесінің негізі екі нысанда: мемлекеттік (жалпыхалықтық) және ұжымшарлы-кооперациялық меншікте болатын өндіріс құралдарына социалистік меншік болып табылады деп көрсетілген.

1990 жылы 14 наурызда 10-бап жаңа редакцияда жазылды, оған сәйкес кеңестік азаматтардың меншігі мен мемлекеттік меншік КСРО-ның экономикалық жүйесінің негізі болып жарияланды.

16-бапта мемлекеттік экономиканы жоспарлау қағидасы бекітілді, сонымен бірге ол орталықтандырылған басқаруды кәсіпорындардың шаруашылық дербестігімен және бастамасымен, шаруашылық есептің, пайданың, шығынның және басқа да экономикалық тұтқалар мен ынталандырулардың қолданылуымен үйлестіруді көздеді.

Билік органдары Жаңа Конституцияға жаңа 4-бөлім – «Халық депутаттары Кеңестері және оларды сайлау тәртібі» енгізілді, онда Кеңестердің бүкіл жүйесі бекітілді, Жоғарғы Кеңестердің өкілеттік мерзімі 4 жылдан 5 жылға дейін, жергілікті Кеңестер — 2 жылдан 2,5 жылға дейін ұзартылды. Кейіннен (1988 жылы) барлық Кеңестер үшін бірыңғай мерзім — 5 жыл белгіленді.

Бұрынғы Конституцияда болған жалпыға бірдей, тең, жасырын дауыс беру арқылы төте сайлау құқығы қағидасы да бекітілді. Сонымен бірге, 96-бапқа сәйкес, Кеңестер үшін енжар сайлау құқығының жасы 18 жасқа, КСРО Жоғарғы Кеңесі үшін — 21 жасқа (бұрын — 23 жас) қысқартылды.

5-бөлімде жоғары мемлекеттік билік органдары – КСРО Жоғарғы Кеңесі мен Министрлер Кеңесі туралы ережелер белгіленген. 6-бөлімде одақтық және автономиялық республикалардың билігі көрсетілді, олардың жоғарғы мемлекеттік органдары жергілікті Жоғарғы Кеңестер мен Министрлер Кеңестері болды.

Мемлекеттік құрылым 3-бөлім Одақтың ұлттық және мемлекеттік құрылымын анықтады, сондай-ақ, КСРО-ның барлық бұрынғы Конституциялары сияқты одақтық республикалардың КСРО-дан еркін шығу құқығын қамтамасыз етті. Бұл жағдай 1991 жылы КСРО-ның ыдырауында маңызды рөл атқарды.

Білім беру жайлы Конституция 45-бапта білім берудің барлық түрлерінің тегін екендігі, «сырттай және кешкі оқытуды дамыту», «оқушылар мен студенттерге мемлекеттік стипендиялар мен жеңілдіктер беру», «мектеп оқулықтарын тегін беру» және «өзін-өзі тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау» айтылған (бұның бәрі 1936 жылғы конституцияда болмады).

Тағы басқа жаңа енгізілімдер thumb|right|250px|1977 жылғы КСРО Конституциясының 67-бабы қоршаған ортаны қорғау жайында 1984 жылғы КСРО пошта блогында жазылған 1936 жылғы Конституциямен салыстырғанда, атап айтқанда, мынадай баптар пайда болды: 42-бап. КСРО азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. 44-бап. КСРО азаматтарының тұрғын үйге құқығы бар. 46-бап. КСРО азаматтарының мәдениет жетістіктерін пайдалануға құқығы бар. 47-бап. КСРО азаматтарына ...ғылыми, техникалық және көркем шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Авторлардың, өнертапқыштардың және рационализаторлардың құқықтарын мемлекет қорғайды. 66-бап. КСРО азаматтары балалардың тәрбиесі жайлы ойлануы мiндеттi... Балалар ата-анасына қамқорлық жасауға және оларға көмек көрсетуге мiндеттi. 67-бап. КСРО азаматтары табиғатты аялауға, оның байлығын қорғауға мiндеттi. 68-бап. Тарихи ескерткiштер мен өзге де мәдени құндылықтарды сақтау туралы қамқорлық КСРО азаматтарының борышы мен мiндетi болып табылады. 69-бап. КСРО азаматының интернационалдық борышы басқа елдердің халықтарымен достық және ынтымақтастықты дамытуға, жалпыға ортақ бейбітшілікті сақтау мен нығайтуға жәрдемдесу болып табылады.

Конституцияның эволюциясы Конституцияның қолданысы кезінде оған 6 рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

1981 жылы 24 маусымда 132-бапқа түзетулер енгізілді, оған сәйкес КСРО Министрлер Кеңесінің Төралқасының құрамына КСРО Министрлер Кеңесінің шешімімен КСРО Үкіметінің басқа да мүшелері кіруі мүмкін еді.

1988 жылы 1 желтоқсанда сайлау жүйесіне және халық депутаттарының съезін құруға қатысты үш тарауға түзетулер енгізілді.

1989 жылы 20 желтоқсанда Халық депутаттарының съезіне қатысты 108, 110, 111, 121, 122 және 130-баптарға түзетулер енгізілді.

Сол жылдың 23 желтоқсанында 125-бапқа конституциялық бақылауға қатысты түзетулер енгізілді.

1990 жылы 14 наурызда Конституцияға ең ауқымды түзетулер енгізілді, оған сәйкес бірпартиялық жүйе мен КОКП-ның жетекші рөлі жойылды, КСРО Президентінің қызметі бекітіліп, жеке меншік институты («кеңес азаматтарының меншігі») енгізілді.