Айгерім Ғалиқызы Сарыбай (18 ақпан 1997 жылОлимпик.ком сайтындағы профилі, ) — қазақстандық спортшы, семсерші. Семсерлесуден Олимпиада ойындарына қатысып жатқан тұңғыш қазақ қызы
Карьерасы 13 жасынан бастап спорттың осы түрімен айналысты.
2019, 2021, 2022 жылдары командалық сайыста Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2018 жылғы Жазғы Азия ойындарында да командалық сайыста қола жүлдеге қол жеткізді.
2024 жылдың сәуірінде БАЭ-де өткен халықаралық турнирде 2024 жылғы Жазғы Олимпиадаға лицензияны жеңіп алды. Жарыс финалында Гонконгтың өкілі Ку Винг Чудан 15:13 есебімен басым түсті. Бірақ Олимпиадада 1/8 финалдан аса алмады.
Дереккөздер
Сілтемелер
Олимпке жол
Санат:Алфавит бойынша семсершілер Санат:Қазақстан семсершілері